О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2000 года N 337 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2005 N 434 Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 11-12, 124-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, 2000 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектердi өтеудiң ережесiнде: 6-тармақта: үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң осы мемлекеттiк мекеменiң бюджеттік шоты ашылған жердегi аумақтық органына (бұдан әрi - қазынашылықтың аумақтық органы) бес данада кредиторлық берешекті салыстыру кесiмдерiнiң түпнұсқаларын және мемлекеттік мекеменiң басшысы растаған, бастапқы бухгалтерлiк есеп құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады."; мынадай мазмұндағы екіншi абзацпен толықтырылсын: "Мемлекеттік мекеменiң осы Ережеге сәйкес бастапқы бухгалтерлiк есебiнiң құжаттары: 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 548 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарға арналған бухгалтерлiк құжаттаманың нысандары альбомының нысандары: 408-нысандағы (6 мемориалдық ордер) әртүрлi ұйымдармен есеп айырысу жөнiндегi жинақтаушы ведомость; 292-а нысандағы кәртiшке немесе 292-нысанды Есеп айырысулар кiтабы; 2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментінiң 1998 жылғы 23 шiлдедегi N 335 бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есеп айырысуларды түгендеу кесімі болып табылады"; 7-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысы салыстыру кесімдерінің деректерін жылдық бухгалтерлік баланс пен бастапқы бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырады және N 1 нысан бойынша төрт данада, қазынашылықтың аумақтық органы мен мемлекеттік мекеменің басшылары қол қоятын және тиісті мөрлермен бекітілетін, 2000 жылғы 1 қаңтарға кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтама жасайды. Бұл ретте бір тікелей берушіге бір анықтама беріледі."; "Кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтамаларды тіркеу журналы" N 2-нысанда 3-бағандағы "(тоғыз мәндi код)" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.