О внесении изменений и дополнений в решение акима Костанайской области от 1 марта 2000 года № 51 «О рейтинговой системе оценки социально-экономического положения городов и районов Костанайской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы» Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 51 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 12.12.2001 № 132 шешімімен.
Аймақтардағы реформалардың жағдайын сипаттайтын жекелеген көрсеткіштердің маңызын жоғалтуына және
кадрлық өзгертулерге байланысты ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 5 тармақта «С.А. Дәрменбаев» «С.А. Құлмағанбетовке» ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 2 қосымшадағы «Бюджеттік көрсеткіштер» бөлімінде:
Тармақша 1
1) «жылдық болжамға % шаққандағы республикалық бюджет бойынша мемлекеттік кірістердің болжамын орындау серпіні» көрсеткішінде «республикалық бюджет бойынша» сөзі «контингентте» және «жылдық болжамға» сөзі «өткен жылдың сәйкесті кезеңіне» сөзіне ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) «жылдық болжамға % шаққандағы жергілікті бюджет бойынша мемлекеттік кірістердің болжамын орындау серпіні» көрсеткішінде «жылдық болжамға» сөзі «өткен жылдың сәйкесті кезеңіне» сөзіне ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) «Қаралған кезеңге % шаққанда жергілікті бюджеттердің кіріс бөліміне түсімдердің жалпы көлеміне шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салықтық төлемдер түсу үлесінің серпіні» көрсеткіші алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) «Өткен жылдың сәйкесті кезеңіне % шаққанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін салықтық төлемдер түсуі» көрсеткішімен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) «Бұрынғы жылдың сәйкесті кезеңіне % шаққанда жергілікті бюджеттік бағдарламалар және ішкі бағдарламалар бойынша қаражатты жұмсау серпіні» көрсеткіші «трансфертсіз» сөзімен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. 2 қосымшадағы «Экономикалық көрсеткіштер» бөлімінің «Бұрынғы жылғы сәйкесті кезеңге % шаққандағы өнеркәсіп өнімдерінің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өсу қарқыны» көрсеткішінің 2 бағанасы «Қостанай облысының статистика басқармасы (келісім бойынша)» сөзімен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. 3 қосымшаға мынадай өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) комиссияның құрамына облыс әкімінің орынбасары Совхозбек Әбікешұлы Құлмағанбетов енгізілсін;
Тармақша 2
2) комиссия құрамынан Серік Әлсабірұлы Дәрменбаев және Мырзағазы Күзенбайұлы Құржықаев шығарылсын.