О внесении изменения в решение городского маслихата от 1 декабря 2000 года № 8/85 «О переутверждении Правил приватизации государственного жилищного фонда» (регистрационный номер в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 159) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 1 желтоқсандағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру қағидасын қайта бекіту туралы» № 8/85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестіріндегі тіркеу нөмірі 159) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті Мемлекеттік басқару туралы» заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 1 желтоқсандағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру қағидасын қайта бекіту туралы» № 8/85 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: Аталған шешімнің қосымшасындағы 2-тармақша алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 10 қырқүйектегі «Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру қағидасын қайта бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 8/85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №32/302 шешіміне 1-қосымша жаңа редакцияда бекітілсін. (қоса тіркелген).
Тармақ 3
3. Осы сұрақтың орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік инфрақұрылымдар өндіріс, транспорт, коммуналдық шаруашылық, жекелендіру және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 4. Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы қағида
Қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 10 қыркүйектегі «Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы қағиданы қайта бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2000 жылдың 1 желтоқсандағы № 8/85 шешіміне өзгерістер енгізу туралың №32/302 шешімімен бекітілген № 1 қосымша. Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы қағида
Тармақ 1
1. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының Министірлер Кабинетінің 1992 жылдың 24 қаңтардағы 66 нөмерлі қаулысына сәйкес жасалған және мелмекеттік тұрғый үй қорының тұрғын жайын жекешелендіру реттерін аңықтайды, қағида бекітілгенге дейін, мемлекеттік тұрғын ұй қорында қалған тұрғын жайларда (пәтерлерде, үйлерге) ғана таратылады.
Тармақ 2
2. Алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Тұрғын жайды жекещелендіру ондағы тұрақты кәмелеттік жасқа толған барлық отбасы мүшелерінің жазбаша түрде берген келісімдері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Тұрғын жайды төлем ақысыз жекешелендіру шарт бойынша рәсімделіп жылжымайтын мүлікті тіркейтін, мемлекеттік кәсіпорын «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүліктік орталығының Балқаштық бөлімшесінде тіркеледі.
Тармақ 5
5. Жекешелендірілген тұрғын жай пәтер жалдаушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ортақ меншігіне көшеді, оның ішінде және уақытша тұрмайтын отбасы мүшелерінің де, егерде, шартта басқадай көрсетілмесе.
Тармақ 6
6. Комиссондық алым белгіленсін:
Тармақша 1
1) тұрғын жайды төлем ақысыз мемлекеттік тұрғын үй корынан берілгенде бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақша 2
2) жоғалған құжаттардың көшірмесін берген үшін бір айлық есептік көрсеткіштің 20 пайызы мөлшерінде.
Тармақ 7
7. Осы қағида көрсетілмеген барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 10 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралың Заңымен, 1992 жылғы 24 қаңтарда Министірлер кабинетінің № 66 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғый үй қорын жекешелендіру туралың Ережемен басшылық етеді.