О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 1 сентября 2000 года №164 «Об утверждении Положения о порядке предоставления субъектам малого предпринимательства в аренду или доверительное управление с правом последующей передачи в собственность неиспользуемых производственных (офисных) помещений и объектов коммунальной собственности на основании представленной ими информации и Правил предоставления в аренду объектов коммунальной собственности» Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олардың берген ақпараты негізінде коммуналдық меншік объектілерін және бос тұрған өндірістік (офистік) ғимараттарды кейіннен меншігіне беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы Ережені және коммуналдық меншік объектілерін жалға берудің Ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 1 қыркүйектегі №164 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 327 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 765 қаулысына , Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы" мен "Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы" мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы" 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 369 қаулысына сәйкес, коммуналдық меншіктерді тиісті дәрежеде басқаруды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олардың берген ақпараты негізінде коммуналдық меншік объектілерін және бос тұрған өндірістік (офистік) ғимараттарды кейіннен меншігіне беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы Ережені және коммуналдық меншік объектілерін жалға берудің Ережесін бекіту туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі N 164 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 тамыздағы N 268 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олардың берген ақпараты негізінде коммуналдық меншік объектілерін және бос тұрған өндірістік (офистік) ғимараттарды кейіннен меншігіне беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы Ережені және коммуналдық меншік объектілерін жалға берудің Ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегі N 164 шешіміне (тіркеу N 489) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы төмендегідей редакцияда мазмұндалсын: "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру мәселелері";
1 тармақтағы:
"Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне олардың берген ақпараты негiзiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн және бос тұрған өндiрiстiк (офистiк) ғимараттарды кейiннен меншiгiне беру құқығымен жалға немесе сенiмдi басқаруға беру" деген сөздер алынып тасталсын;
"Коммуналдық меншік объектілерін жалға берудің Ережесі (2 қосымша)" деген сөздер "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру Ережесі (2 қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
1-1-тармақ төмендегідей мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"1-1. Орал қаласы және аудан әкімдері, мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары болып табылатын (шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару) облыстық департаменттер мен басқармалары осы қаулымен бекітілген Ережелердің орындалуын қамтамасыз етсін".
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Ш. Хамитовқа жүктелсін.
Басқа 4. Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік
объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру
ЕРЕЖЕСІ
Қосымша
Батыс Қазақстан әкімдігінің
2005 жылғы 21 қыркүйектегі
N 332 қаулысына
Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік
объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берудің негізгі принциптерін, міндетті тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жалдау - мүліктік жалға алу;
Тармақша 2
2) жалдау шарты - "Жалға беруші" "Жалгерге" мүлікті ақылы, уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттейтін шарт;
Тармақша 3
3) "Жалға беруші" - мүлік иесі немесе мүлік иесі атынан және коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган болып танылатын, мүліктік жалға (жалдауға) беру шартына қатысатын тарап;
Тармақша 4
4) "Жалгер" - мүлікті келісілген ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға алған мүліктік жалдауға (жалға) беру шартына қатысатын тарап;
Тармақша 5
5) объект (нысан) - ведомстволық қарауына (балансына) қарамастан мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің балансындағы мемлекеттік тұрғын үй емес қорлар, үй - жайлар, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар және басқа да, заң тәртібіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік иелігіне түскен мүліктер;
Тармақша 6
6) мемлекеттік тұрғын үй емес қор - коммуналдық меншікке жататын, облыс тұрғын үй қорына кірмейтін мемлекеттік ғимараттар, үй-жайлар немесе құрылыстар;
Тармақша 7
7) тараптар - бірге "Жалға беруші" немесе "Жалгер" аталушылар.
Тармақ 3
3. Ғимараттар - мемлекеттің ерекше меншігі болып табылатын сәулет, тарихи және мәдени ескерткіштері, олардың қолданылуы мен пайдаланылуын Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын қорғауға және пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органдарының келісімі болғанда жағдайда ғана мүліктік жалға (жалдауға) беріледі.
Тармақ 4
4. Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру құқығы, "Баланс ұстаушымен" келісім бойынша, коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның (бұдан әрі - "Жалға беруші") ерекше құзырына жатады. Негізге алынады - коммуналдық меншік объектісін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты.
Объектінің "Баланс ұстаушысы" объекті жөніндегі мәліметтердің дұрыстығына және объектіні "Жалгерге" белгіленген мерзімде қабылдау-беру актісімен беру тәртібін жүзеге асыруға жауапты.
Тармақ 5
5. Жалгерлік ақы толығымен жергілікті бюджетке төленеді.
Тармақ 6
6. Мүліктік жалдауға (жалға) беру шарты 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Тармақ 7
7. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар жалгерлік ақы төлеуден босатылады.
Тармақ 8
8. "Жалға беруші" жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды орналастыру мақсатында, коммуналдық меншік объектілерін жалдауға (жалға) алуды ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды орналастыру және Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншік объектілерін заңды және жеке тұлғаларға жалдауға (жалға) алуды беретін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі - комиссия).
Тармақ 9
9. Комиссияның құрамына "Жалға берушінің", облыстық департаменттер мен басқармалардың, сондай-ақ басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері (келісім бойынша) кіреді. Комиссия мүшелерінің сандық құрамы 5 адамнан кем болмауы тиіс. "Жалға беруші" өкілі комиссияның төрағасы болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссия төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өзінің жұмыс регламентін әзірлеп, бекітеді;
Тармақша 2
2) комиссия хаттамасын дайындау арқылы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды коммуналдық меншік болып танылатын ғимараттарға (үй-жайларға) орналастыру немесе жазбаша нысанда себебін көрсете отырып, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелерді және қазыналық кәсіпорындарды коммуналдық меншік объектісі болып табылатын ғимараттарға (үй-жайларға) орналастырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) комиссия хаттамасын дайындау арқылы, мақсатты пайдалануға мүліктік жалдауға (жалға) беру немесе жазбаша нысанда себебін көрсете отырып, объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы конкурс өткізеді. Конкурстық ұйымдастырушысы болып "Жалға беруші" танылады.
Тармақша 5
5) объектіні жалдауға (жалға) алу конкурсының жеңімпазын анықтайды. Комиссия шешімі бойынша ұсыныстары ТЭН сәйкес объектіні тиімді пайдалануда, өндірілетін өнімдерінің тауар нарығында қажеттілігі бөлігінде үздік болып табылатын қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады. Егер де конкурсқа қатысушылар бірдей ұсыныстар жасаған жағдайда, комиссия жеребе тастау тәртібін қолдануға құқылы;
Тармақша 6
6) конкурс нәтижесі туралы хаттамаға қол қояды;
Тармақша 7
7) осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелерді және мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорындарды орналастыру тәртібі
2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелерді және мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорындарды орналастыру тәртібі
Тармақ 11
11. Мүдделі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұсынылған, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың коммуналдық меншік объектісі болып танылатын ғимараттарға (мекенжайларға) орналастыру туралы өтінімдері (бұдан әрі - өтінімдер), баланс ұстаушының жазбаша келісімі, объектінің қажеттілігіне техникалық-экономикалық негіздеме және нотариалды куәландырылған құрылтайшылық құжаттары (құрылтайшы шарты, жарғы немесе ережесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі) болған жағдайларда қаралады.
Тармақ 12
12. Түскен өтінімдерді қарау және шешім қабылдау, егер заңнамаларда басқалай көрсетілмесе, жалпы негізде бір ай мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Өтінімдерді және табыс етілген құжаттарды мен қараудың нәтижесі бойынша комиссия төмендегідей шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды коммуналдық меншік объектісі болып танылатын ғимараттарға (үй-жайларға) орналастыру туралы.
Комиссияның оңды шешімі болған жағдайда мүдделі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар және балансұстаушы арасында коммуналдық қызметтер үшін, күрделі және ағымды жөндеулерге аударымның, объектіге қызмет көрсетуге төлемдердің түсу тәртібі көрсетілген шарт жасалады.
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды, жазбаша түрде себебін көрсете, коммуналдық меншік объектісі болып танылатын ғимараттарға (үй-жайларға) орналастырудан бас тарту туралы.
Тарау 3. 3. Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға) беру өтінімдерін қарау тәртібі
3. Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға) беру өтінімдерін қарау тәртібі
Тармақ 14
14. Объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру өтінімдерді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардан басқа, егерде заңнамада басқалай көрсетілмеген жағдайда, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кез-келген заңды және жеке тұлғалар беруі мүмкін. Өтінімнің белгіленген үлгісі "Жалгерге" беріледі (өтінім үлгісі қосылып берілген).
Тармақ 15
15. Егерде заңнамада басқалай көрсетілмеген жағдайда, келіп түскен өтінімдерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау жалпы негізде бір ай мерзімде өткізіледі.
Тармақ 16
16. Объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы келіп түскен өтінімдер мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН);
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар - құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі (құрылтайшы шарты, жарғы немесе ережесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу куәлігі), салық төлеуші куәлігінің көшірмесі, филиалдар - нотариалдық куәландырылған құрылтайшылық құжаттары (ережесі, мемлекеттік тіркеу куәлігі), мәмілелерді жасауға нотариалды куәландырылған сенімхат, шетелдік заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік және орыс тілдеріне тәржімаланған құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке тұлғалар - егерде заңнамада басқалай көрсетілмеген жағдайда, нотариалдық куәландырылған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттарының көшірмесі және тіркелген тұрағын анықтайтын (мекен-жайын), сондай-ақ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының және салық төлеуші куәлігінің көшірмесі болғанда қаралады.
Тармақ 17
17. Өтінушіге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын екі не одан да көп өтінім болса, объектіні мүліктік жалға (жалдауға) тек конкурстық қорытындылары бойынша ғана берілуі мүмкін.
Тармақ 18
18. Өтінімдерді қабылдау және конкурсқа қатысуға ниет білдіргендерді тіркеу, талап етілген құжаттардың толық жиынтығы болған кезде ғана жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Комиссия өтінімдерді және ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша мынадай:
Тармақша 1
1) объектіні мақсатты пайдалану бойынша мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы;
Тармақша 2
2) осы объект бойынша "Жалгерді" таңдау конкурсын жүргізу туралы;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысушылардың ұсыныстары бірдей болған жағдайда жеребе тәртібін жүргізу туралы;
Тармақша 4
4) жазбаша себептерін көрсете отырып, мүліктік жалдауға (жалға) беруден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Тармақ 20
20. Конкурсқа қатысушылар (олардың өкілдері) ұсыныстарды талқылауға және бағалауға, сондай-ақ комиссияның шешімін қабылдауға қатысуға құқығы жоқ.
Тармақ 21
21. Комиссия шешімі қатысушы комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде - комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 22
22. Комиссияның мәжілісі, егер оған комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-сі қатысса, заңды болып табылады.
Тармақ 23
23. Комиссияның шешімі, комиссияның хаттамасымен ресімделеді, оған барлық қатысып отырған мүшелер қол қояды және "Жалға беруші" бекітеді.
Конкурстың қорытындысы туралы хаттамада төмендегідей деректер болуы тиіс:
Тармақша 1
1) комиссия құрамы;
Тармақша 2
2) объектінің атауы;
Тармақша 3
3) объектінің техникалық сипаттамасы;
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысушылардың тізімі және олардың ұсыныстары;
Тармақша 5
5) конкурс жеңімпазы;
Тармақша 6
6) мүліктік жалдауға (жалға) беру шартына қол қоятын тараптардың міндеттемелері туралы мәліметтер.
Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның мөрімен куәландырылған конкурс нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі конкурс жеңімпазына беріледі және ол мүліктік жалға (жалдауға) беру шартын жасасуға құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Тарау 4. 4. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты
4. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты
Тармақ 24
24. Комиссия хаттамасы немесе конкурс қорытындысы туралы хаттама негізінде мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты жасалады.
Тармақ 25
25. Комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей "Жалға берушімен" мүліктік жалдауға (жалға) беру шарты жасалады.
Тармақ 26
26. "Жалгер" қол қоймаған жағдайда немесе объектіні белгіленген мерзімде қабылдау-өткізу шаралары жүзеге асырылмаған жағдайда мүліктік жалдауға (жалға) алу шарты жасалмаған және заңды күші жоқ деп танылады.
Тармақ 27
27. Мүліктік жалдауға (жалға) беру шартында міндетті түрде төмендегідей ережелер болуы тиіс:
Тармақша 1
1) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 2
2) шартты орындаудың жағдайы;
Тармақша 3
3) объектінің техникалық сипаттамасы;
Тармақша 4
4) "Жалгерге" объектіні мүліктік жалдауға (жалға) берудің мерзімі мен шарт мерзімі;
Тармақша 5
5) жалға алынған мүлікті пайдаланғаны үшін төлем енгізу тәртібі, мөлшері мен мерзімдерін қамтуы тиіс;
Тармақша 6
6) "Жалға берушінің" құқығы:
заңнамада белгіленген тәртіппен шартты біржақты бұзуды жүзеге асырады;
"Жалгердің" объектіні мақсатты пайдаланылуын тексереді;
шарт бойынша объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беруден туындайтын дауларды шешуде сотқа жүгеді.
Тармақша 7
7) "Жалға берушінің" міндеті:
объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беру шартына қол қойылғаннан кейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей объектіні "Баланс ұстаушымен" акті арқылы "Жалгерге" беруді қамтамасыз етеді;
шартта көрсетілген тәртіппен "Жалгерге", объектіні иемденіп және пайдалануына қайшы келмейтін әрекеттер жасамайды;
шартты уақытынан бұрын біржақты бұзу туралы шарттың бұзылуына дейін бір айдан кем емес уақытта "Жалгерге" жазбаша ескерту жасайды;
Тармақша 8
8) "Жалгердің" құқығы:
жалға алған мүлікті қосымша жалға (жалдауға), мүліктік жалға (жалдауға) беру шартымен өзінің құқықтары мен міндеттерін өзге тұлғаға беруге, болмаса заңнама актілерінде басқалай тәртіппен белгіленбеген жағдайда, жалға алған мүлікті өтеулі (өтеусіз) пайдалануға үшінші тұлғаға тек "Жалға берушінің" жазбаша келісімі болғанда ғана береді;
"Жалға берушіге" шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және шартты бұзу туралы ұсыныстар жасайды.
Тармақ 9
9."Жалгердің" міндеттері:
объектіні шарт талаптарына сай пайдаланады;
шартта белгіленген тәртіп бойынша жалгерлік ақыны және басқа да төлемдер (өсімдер) мөлшерін мерзімінде төлейді;
объектіні тиісті тәртіппен ұстайды, объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттер жасамайды;
мүлікті түзу жағдайда ұстайды, егер заңнамамен немесе шартпен басқалай көзделмесе, өз есебінен мүлікті ағымдағы жөндейді және мүлікті ұстау жөніндегі шығыстарды көтереді;
егер де объектіге келтірілген зақымдарға өзі жауапты болса, оған өз есебінен жөндеу жүргізеді;
"Жалға берушінің" алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлау немесе басқалай қайта жабдықтау жүргізуге жол бермейді;
"Жалға берушінің", санитарлық қадағалау қызметінің және жалға берілген объектіні пайдалану және ұстау-күту тәртібіне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің объектіге және оған жағын орналасқан жер учаскесіне кіруіне рұқсат береді, көрсетілген олқылықтарды олар белгіленген мерзімде жояды;
шартты уақытынан бұрын бұзу туралы шарттың бұзылуына дейін бір айдан кем емес уақытында "Жалға берушінің" жазбаша ескертеді;
шарт бұзылған немесе оның күші жойылған жағдайда "Жалгердің" және "Баланс ұстаушыға" қолдары қойылған қабылдау-өткізу актісі бойынша объектіні "Баланс ұстаушыға" қайтаруды қамтамасыз етеді;
объектіні шартта көрсетілген мерзімде қанағаттандырарлық жағдайда қайтарады;
объектіні техникалық сипаты пайдалануға жарамсыз немесе қанағаттандырарлық емес (нормативтік көрсеткіштерден жоғары тоздырылған) жағдайда тапсырылса, келтірілген зақымның орнын өтейді;
мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында және заңнамада көрсетілген басқа да міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 28
28. Сәулет, тарихи және мәдени ескерткіштерді мүліктік жалдауға беру кезінде мүліктік жалға (жалдауға) беру шартына объектіні сәулет, тарихи және мәдени ескерткіші ретінде сақтауға бағытталған қосымша ережелер қосылады.
Тармақ 29
29. Айыппұл санкцияларын төлеу кінәлі тараптарды шарт жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 30
30. Бір жыл мерзімге дейін жасалған ғимараттар мен құрылыстарды мүліктік жалға алу (жалдауға) шарты әділет органдарына бағынышты мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тіркелуге жатады.
Жалға алу шартын мемлекеттік тіркеуден өткізу "Жалгердің" есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Объектіні қабылдау-өткізу "Баланс ұстаушы" мен "Жалгердің" уәкілетті өкілдері жүзеге асырады, қабылдау-өткізу актісінде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) акті жасалған орын мен күні;
Тармақша 2
2) "тараптардың" мүддесін білдіруге уәкілдік ететін өкілдердің құжаттарының атауы мен реквизиттерінің сәйкестігі;
Тармақша 3
3) объектіні оған сәйкес берілуі өткізілетін жалға беру шартының нөмірі мен қол қойылған күні;
Тармақша 4
4) берілетін объектінің анықталған ақаулары тізімімен бірге техникалық жағдайы;
Тармақша 5
5) "тараптардың" мөрлерімен расталған өкілдердің қолдары.
Тармақ 32
32. Объектіні қабылдау-өткізу актісі бойынша өткізген сәттен бастап, мүліктік жалдауға (жалға) беру шарты заңды күшіне енеді, ол шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылады.
Мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты, біреуі - "Жалға берушіде" сақталып, біреуі - "Жалгерге" берілетін, екі данада жасалады.
Тармақ 33
33. Қабылдау-өткізу актісі үш данада жасалып, оның біреуі "Жалға берушіде", біреуі - "Баланс ұстаушыда" және біреуі "Жалгерде" сақталады.
Тарау 5. 5. Коммуналдық меншік объектісін
пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем
5. Коммуналдық меншік объектісін
пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем
Тармақ 34
34. Мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін жалгерлік төлемге коммуналдық қызмет көрсету төлемдері, ағымды және күрделі жөндеуге аударымдар, объектіге қызмет көрсету төлемдерi енгiзiлмейдi.
Тармақ 35
35. "Жалгер" бұл төлемдерді ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және басқа қызмет көрсетушілерге тікелей, болмаса "Баланс ұстаушымен" келім бойынша төлейді.
Тармақ 36
36. Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берген жағдайда жалдау ақысын және оның коэффициенттік көлемі ставкаларын, объектілердің орналасқан территориясы, техникалық сипаттамасы, сондай-ақ бағыты мен пайдаланылуын ескере отырып, жергілікті атқару органдардың келісімі арқылы, "Жалға беруші" бекітеді.
Егер басқалай мүліктік жалдауға (жалға) беру шартында қаралмаса, мүлікті пайдаланған үшін жалгерлік төлем ставкалары жылына бір мәрте өзгертілуі мүмкін.
Егер басқалай мүліктік жалдауға (жалға) беру шартында қаралмаса, мүлікті пайдаланған үшін жалгерлік төлем ставкалары АЕК өзгеруіне немесе басқалай жағдайларға сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 37
37. Жалгерлік төлем оқтын-оқтын немесе бір жолғы енгізілетін төлемдердің тұрлаулы сомасында барлық жалданатын мүлік тұтастай немесе оның құрамдас бөлігінің әрбірі үшін бөлек, ол жөнінде мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында көрсетіліп, белгіленеді.
Ғимараттың бөлігін жалдау ақысын есептегенде, ортақ пайдаланылатын бөлмелерді (қосымша көлем), "Жалгердің" сол көлемдерді пайдалану үлесін ескеру қажет.
Тармақ 38
38. "Жалға беруші" айлық есеп көрсеткішінің өзгеруіне байланысты немесе басқа да факторларға байланысты жалдау ақысы мөлшерінің өзгергенін "Жалгерге" хабардар етеді.
Тарау 6. 6. Жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу
6. Жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу
Тармақ 39
39. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шартын "Жалға беруші" мерзімінен бұрын мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) "Жалгер" заңды тұлға ретінде таратылғанда;
Тармақша 2
2) "Жалгердің" жалдау шарты талаптарын бұзғанда;
Тармақша 3
3) егер "Жалгер" мүліктік жалдауға (жалға) алу шартымен белгіленген мерзімде төлемді қатарынан екі рет төлемесе;
Тармақша 4
4) заңнамалар актісі немесе шартта көзделген жағдайда "Жалға берушінің" талабы бойынша;
Тармақша 5
5) "Жалгердің" "Баланc ұстаушымен" келісе отырып, "Жалға беруші" атына жазбаша хабарлауы бойынша;
Тармақша 6
6) объекті саудада сатылған жағдайда;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларында немесе шартта қаралған басқа да жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылады.
Тарау 7. 7. Дауларды шешу
7. Дауларды шешу
Тармақ 40
40. "Тараптар" мүліктік жалдауға (жалға) беру шартының осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 41
41. Объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде туындайтын даулар "тараптардың" өзара келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қарастырылады.
Тармақ 42
42. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты талаптарын бұзғаны үшін «тараптар» қолданыстағы заңнамаға немесе шартқа сәйкес жауап береді.
Басқа 104
Батыс Қазақстан
облыстық коммуналдық меншік
объектілерін мүліктік жалға
алуға (жалдауға) беру Ережесіне
қосымша
____________________________
____________________________
_________________________________________________________________
(өтінім берушінің толық атауы және мемлекеттік тіркеу деректері)
Сiзден осы өтiнiммен ұсынылатын құжаттарды қарап және тұрғын үйге жатпайтын мемлекеттiк қордағы, төмендегi мекен-жайда орналасқан орын-жайды мүлiктiк жалға беру (жалдау) туралы шешiм қабылдауыңызды өтiнемiн.
БҚО,_____________________________________________________________
көшесіндегі, баланс ұстаушы _____________________________________
(құрылтайшы құжаттарына сәйкес
__________________________________________________________________
мекеменің толық атауы)
жалпы ауданы ________шаршы метр, оның ішінде: пайдаланылатыны __ш.м.
қосалқы ___________ш.м.
(200__ж. «____»___________ жағдайдағы) жабдықтардың саны________,
қалдық құны ________________ теңгемен.
_________________________________________________________________
____________________________________________________________ үшiн
(қызмет түрiн көрсету)
200_ жылдың "__" _____ мерзiмiнен 200_ жылдың "___" ______ дейiн.
Жалпы көлемі __________________________________ шаршы метр (жазумен)
(баланс ұстаушының жауапты
баланс ұстаушымен келісілген.
адамның қолы, лауазымы, аты, жөні, мөрі)
жеке басын куәландыратын құжат________________________№__________
берілген_________________________________________________________
Өтінім иесінің мекен-жайы, телефоны:_____________________________
_________________________________________________________________
Өтінім иесінің банкілік рәсімдері:
ИИК_________, СТТ___________, БИК_________, Банк______________
_______________________________________
(aты, жөні, тегі, лауазымы, қолы, мөрі)
200___ж. «______»_________________
Ескерту: тендерге қатысу өтініміне тіркелуі тиіс:
(өтінімді қарау үшін қажет, белгіленген құжаттар
тізбесі)