О тарифном соглашении по оплате бесплатного гарантированного объема медицинской помощи в рамках государственного заказа на 1 полугодие 2000 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу жөніндегі тарифтік келісім туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімінің 12.12.2001 № 347 өкімімен. «2000 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1872 және ҚР қаржы Министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 292 бұйрығымен бекітілген «Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың уақытша тәртібі» қаулыларына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «2000 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу жөніндегі тарифтік келісім»;
Тармақша 2
2) «2000 жылы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу тәртібі туралы ереже» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Өкімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2000 жылғы 7 ақпандағы № 21 өкімімен бекітілген 2000 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу жөніндегі тарифтік келісім Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының (АОДСБ) атынан бастығы Ж. Е. Алдашев мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына және «2000 жылғы арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1872 қаулысына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1999 жылдың 15 маусымдағы № 292 бұйрығымен бекітілген «Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережелеріне» сүйене отырып, төмендегі келісімді жасады:
Бөлім 1. 1. Келісім негізі
1. Келісім негізі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық қызметтер тізіміне кіретін медициналық қызметтерге төлем төлеу бойынша айлық тариф мөлшерін анықтау.
Бөлім 2. 2. Төлем шарты
2. Төлем шарты
Тармақ 2
2. Медициналық қызметтерге төлем төлеу Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 292 бұйрығымен бекітілген «республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 3
3. 2000 жылы бүкіл облыс аумағында төлем төлеудің төмендегідей тәсілдері қолданылады:
Тармақша 1
1) Стационарлық кәсіпорындар үшін – клиникалық-шығындар топтары бойынша (КШТ);
Тармақша 2
2) Кеңес беру-диагностикалық емханалары үшін – науқастың дәрігерге көрінгені бойынша;
Тармақша 3
3) Стоматологиялық емханалар үшін – жұмсалған еңбегінің шартты мөлшері бойынша;
Тармақша 4
4) Отбасылық дәрігерлік амбулаториялар үшін – жан басылық норматив бойынша;
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу-сауықтыру кәсіпорындарында мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілген медициналық көмектерге төлем төлеу үшін айлық қаржыландыру сомасынан қаржы бөледі.
Бөлім 3. 3. Тарифтер
3. Тарифтер
Тармақ 5
5. 2000 жылғы медициналық қызметтерге орташа тарифтар бекітілсін: Емделуге жатқызған жағдайда, клиникалық-шығындар топтарының (КЗГ) коэффиценттерін бөлгендегі орташа бағасы – 6800 теңге; Кенес беру-диагностикалық емханада науқасына байланысты қаралғаны үшін – 110 теңге; Профилактикалық тексеруден өткені үшін – 85 теңге; Стоматологияда жұмсалған еңбегінің шартты мөлшері бойынша – 85 теңге; Жан басылық норматив: қала тұрғындары үшін – 30 теңге; село тұрғындары үшін – 38 теңге.
Бөлім 4. 4. Мерзімдер
4. Мерзімдер
Тармақ 6
6. Осы келісім 2000 жылдың 1 шілдесіне дейін күшін сақтайды.
Басқа 20
Облыс әкімінің 2000 жылғы 7 ақпандағы № 21 өкімімен бекітілген 2000 жылы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 292 бұйрығымен бекітілген «Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережелеріне» сәйкес жасалады.
Тармақ 2
2. Ереже облыстық емдеу-сауықтыру кәсіпорындары (ЕСК) мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсететін тегін кепілді медициналық көмек көлеміне облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы төлем төлеудің қағидалары мен тәртіптерін белгілейді.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен медициналық қызметтер көрсетуге келісім-шарттарға отырған және белгіленген үлгідегі лицензиялары бар емдеу-сауықтыру кәсіпорындары, меншік нысанына қарамастан, медициналық көмек көрсетушілер (жеткізушілер) бола алады.
Тармақ 4
4. Медициналық қызметтерге төлем төлеудің бұл жүйесінің ерекшеліктері:
Тармақша 1
1) Қаржыландырудың қалыптасқан құрылымының және емдеу-сауықтыру кәсіпорындарының әр түрлі топтарында қорларды тұтыну жүйесі пропорциясының есебінен жүргізу;
Тармақша 2
2) Емдеу-сауықтыру кәсіпорындарының әкімшілік, экономикалық және емдеу-сауықтыру қызметтерін іштей қайта ұйымдастыруда ынталандыруды енгізу;
Тармақша 3
3) Медициналық көмектің көлемін, сапасын және ыңғайлығын артыру мақсатында медициналық қызметтер нарығы мен бәсекелестік механизмдерін дамыту арқылы медициналық көмек көрсету жүйесінің тиімділігін арттыру.
Бөлім 2. 2. Медициналық көмекке төлем төлеу тәсілдері
2. Медициналық көмекке төлем төлеу тәсілдері
Тармақ 5
5. Облыс аумағында медициналық көмекке төлем төлеудің төмендегідей тәсілдері қолданылады:
Тармақша 1
1) Стационарда емделген ауруларға төлем төлеу клиникалық-шығындар топтары бойынша жасалады;
Тармақша 2
2) Кеңес беру-диагностикалық емханаларында көрсетілген медициналық қызметтерге төлем төлеу бекітілген тариф бойынша жасалады; Есептеудің негізі – дәрігерлерге көріну болып саналады. Тариф емханаға көріну түрлеріне (ауырып баруы, аурудың алдын-ала тексерілуі) байланысты бөлінеді;
Тармақша 3
3) Стоматологиялық емханалардағы медициналық қызметтерге төлем төлеу бекітілген тариф бойынша жұмыс көлемінің шартты бірлігіне жасалады;
Тармақша 4
4) Амбулаторлық-емханалық мекемелердің алғашқы буындарының көрсеткен медициналық қызметтеріне төлем төлеу бекітілген 1 тұрғынға есептеліп, жан басылық норматив бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Емдеу-сауықтыру кәсіпорындарын қаржыландыру кезінде медициналық қызметтер сапасын сараптау қорытындысы есепке алынады. Сараптауды облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жүргізеді.
Бөлім 3. 3. Қаржыландыру тәртібі
3. Қаржыландыру тәртібі
Тармақ 7
7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу-сауықтыру кәсіпорындарында мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілген медициналық қызметтерге төлем төлеу үшін, сол тиісті кезеңге бюджеттен бөлінген қаржы сомасына қарай қажетті қаржылар бөледі. Медициналық қызметтерге төлем төлеу үшін бюджеттен қаржы толық түспеген жайғдайларда, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарифті азайту үшін қайта есеп жүргізуге құқылы.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық қаржыны облыс Әкімінің өкіммен бекітілген «Мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілген тегін кепілді медициналық көмектерге төлем төлеу жөніндегі тарифтік келісімге сәйкес, стационарлық және амбулаторлық-емханалық мекемелерді бөлек қаржыландыру үшін бөледі.
Тармақ 9
9. Әрбір емдеу-сауықтыру кәсіпорнына тиісті қаржы сомасы стационарда емделген аурулар, емханаға көрінгендер көлемі, жұмыстың шартты бірліктері және тарифтермен бекітіліп берілген тұрғындар саны бойынша, ұсынылған реестрлерге сәйкес есептеледі.
Тармақ 10
10. Негізсіз емделіп шыққан науқастар реестрлері төленбейді.
Тармақ 11
11. Толық емделмеген науқастар реестрлері тиісті клиникалық шығын топтарына сәйкес бағаның 20 проценті көлемінде төленеді.
Тармақ 12
12. Негізсіз емделгендер мен толық емделгендіктің белгілерін облыстық денсаулық сақтау басқармасы анықтайды.
Тармақ 13
13. Әскерге шақыру комиссияларының жолдамасымен тексерулерге жіберілген әскер қатарына шақырылғандар реестрлері тиісті клиникалық-шағын топтарына сәйкес бағаның 50 проценті көлемінде төленеді.
Бөлім 4. 4. Медициналық қызметтерге төлем төлеу кестесі
4. Медициналық қызметтерге төлем төлеу кестесі
Тармақ 14
14. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен емдеу-сауықтыру кәсіпорындарының келісімімен белгіленген тәртіпте және мерзімде, медициналық қызметтерді көрсетуші (жеткізуші) көрсетілген медициналық қызметтерге төлем төлеу үшін есеп-реестрлердің, атқарылған жұмыстар актілерін, басқа да қажетті жолда-құжаттарды облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырады.
Тармақ 15
15. Даулы мәселелерді шешу тәртібі емдеу-сауықтыру кәсіпорындары мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы келісім-шарт баптарына сәйкес белгіленеді және жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Әр тоқсан сайын облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен емдеу-сауықтыру кәсіпорындары арасында өткен тоқсанның қорытындылары бойынша салыстыру актілері жасалады.