О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 ноября 2001 года N 1388 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 22 қыркүйектегі N 903 Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 P011388_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 38, 489-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Павлов                     - Қазақстан Республикасы Александр Сергеевич          Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, төраға Есенбаев                  - Қазақстан Республикасының Мәжит Төлеубекұлы           Экономика және сауда министрi, төрағаның орынбасары Шнейдмюллер               - Қазақстан Республикасының Владимир Викторович         Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Ыдырысов                  - Қазақстан Республикасының Ерлан Әбiлфайызұлы          Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi Жәмiшев                   - Қазақстан Республикасының Болат Бидахметұлы           Қаржы вице-министрi Шамсутдинов               - Қазақстан Республикасының Ринат Шарафутдинұлы         Әдiлет вице-министрi Мешiмбаева                - Қазақстан Республикасының Анар Ертөлеқызы             Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi департаментiнiң директоры (келiсiм бойынша);
Тармақша 2
2) көрсетiлген құрамнан Ораз Әлиұлы Жандосов, Жақсыбек Әбдiрахметұлы Құлекеев, Нұртай Әбiқайұлы Әбiқаев, Николай Васильевич Белоруков, Вадим Павлович Зверьков, Берiк Мәжитұлы Имашев, Қанат Төлеуұлы Оспанов, Анатолий Владимирович Смирнов шығарылсын;
Тармақша 3
3) мына: "Досаев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы Ерболат Асқарбекұлы          вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Досаев                    - Қазақстан Республикасы Табиғи Ерболат Асқарбекұлы          монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі