О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 ноября 2001 года N 1388 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы 📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 22 қыркүйектегі N 903 Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 38, 489-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн: Мәсiмов                     - Қазақстан Республикасы Кәрiм Қажымқанұлы             Премьер-Министрiнiң орынбасары, төраға Өтебаев                     - Қазақстан Республикасы Мүсiрәлi Смайылұлы            Парламентiнiң Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жөнiндегi комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) Милютин                     - Қазақстан Республикасының Александр Александрович       Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша) Жақыпов                     - Қазақстан Республикасының Қабиболла Қабенұлы            Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Әшiмов                      - Қазақстан Республикасының Нұрғали Сәдуақасұлы           Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi Рахметов                    - Қазақстан Республикасының Нұрлан Құсайынұлы             Қаржы вице-министрi Зверьков                    - Қазақстан Республикасының Вадим Павлович                Сыртқы iстер вице-министрi Орынбаев                    - Қазақстан Республикасының Ербол Тұрмаханұлы             Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Жолдасбаев                  - Қазақстан Республикасының Сансызбай Елеусiзұлы          Статистика жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары; мынадай жолдар: "Есенбаев                   - Қазақстан Республикасының Мәжит Төлеубекұлы             Экономика және сауда министрi, төрағаның орынбасары Досаев                      - Қазақстан Республикасы Ерболат Асқарбекұлы           Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Оразбақов                   - Қазақстан Республикасының Ғалым Iзбасарұлы              Экономика және сауда вице-министрі Ержанов                     - Қазақстан Республикасының Аманияз Қасымұлы              Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетi төрағасының орынбасары" мынадай редакцияда жазылсын: "Есенбаев                   - Қазақстан Республикасының Мәжит Төлеубекұлы             Индустрия және сауда министрi, төрағаның орынбасары Досаев                      - Қазақстан Республикасы Ерболат Асқарбекұлы           Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгінiң төрағасы Оразбақов                   - Қазақстан Республикасының Ғалым Iзбасарұлы              Индустрия және сауда вице-министрi Ержанов                     - Қазақстан Республикасының Аманияз Қасымұлы              Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары"; көрсетiлген құрамнан Павлов Александр Сергеевич, Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Шнейдмюллер Владимир Викторович, Ыдырысов Ерлан Әбiлфайызұлы, Еламанов Болат Далдайұлы, Жәмішев Болат Бидахметұлы, Мешiмбаева Анар Ертөлеқызы шығарылсын;
Тармақша 2
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженің 8-тармағындағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі