О внесении изменений в Приказ Председателя Комитета по работе с несостоятельными должниками Министерства финансов Республики Казахстан от 1 октября 2002 года N 4 "Об утверждении Инструкции о формировании и утверждении реестра требований кредиторов в процедурах банкротства", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2034 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 2034 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 1 қазандағы N 4 "Банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізімін бекіту және қалыптастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 2034 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 1-қазандағы N 4 "Банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізімін бекіту және қалыптастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" Бұйрығына (одан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықпен бекітілген Банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізімін бекіту және қалыптастыру Нұсқаулығында (одан әрі - Нұсқаулық):
18 тармақтың:
бірінші абзацында:
"шешім" сөзі "Бұйрық" сөзіне ауыстырылсын;
"екі түрде шығарылады" сөзі "екі түрде толтырылады" сөзіне ауыстырылсын;
екінші абзацта бірінші сөйлемнің "шешімді шығару" сөзі "Бұйрықты шығару" сөзіне ауыстырылсын;
екінші абзацтың 22 тармақтағы "өкілетті органның шығарған шешімі" сөзі "өкілетті органның бұйрығы шығарылады" сөзіне ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың 3 қосымшасында:
"шешім", "шешімге" сөздері "бұйрық", "бұйрыққа" сөздеріне ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитетінің сұрақтары" сөздері "2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 "Қаржы Министрлігінің жекелеген сұрақтары" сөздеріне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.