О внесении изменения в Приказ Председателя Комитета по работе с несостоятельными должниками Министерства финансов Республики Казахстан от 1 октября 2002 года N 4 "Об утверждении Инструкции о формировании и утверждении реестра требований кредиторов в процедурах банкротства", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2034 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 2034 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 1 қазандағы N 4 "Банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізімін бекіту және қалыптастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N№2034 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 1-қазандағы N 4 "Банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізімін бекіту және қалыптастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" Бұйрығына (одан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін: Бұйрықпен бекітілген Банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізімін бекіту және қалыптастыру Нұсқаулығындағы 7 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.