О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по работе с несостоятельными должниками Министерства финансов Республики Казахстан от 1 октября 2002 года N 4 "Об утверждении Инструкции о формировании и утверждении реестра требований кредиторов в процедурах банкротства", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2034 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2034 тіркелген "Банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізімін бекіту және қалыптастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 1 қазандағы N 4 бұйырығына өзгерістер енгізу туралы
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 1 қазандағы N 4 "Банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізілімін бекіту және қалыптастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2034 тіркеуге алынған), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 17 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2207 тіркеуге алынған), 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 37 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2289 тіркеуге алынған) бұйрықтармен сәйкес өзгерістер енгізілген, нормативті құқықтық актілер бюллетенінде 2002 жылы, N 48 жарияланған) бұйрығына (одан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізілімін бекіту және қалыптастыру туралы Бұйрығымен бекітілген Нұсқаулығының
24, 25, 26, 27, 28 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 24
"24. Қоса берілген оңалту рәсімдерін қолдану туралы қолдау хатқа борышкерді оңалту жоспарында Заңның 47-бабы 2-тармағында көрсетілген кредиторлардың алдындағы берешекті өтеу мерзімі туралы мәліметтер болуы тиіс.
Тармақ 25
25. Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес оңалту басқарушы кредиторлар талаптарын өтеу және оңалту рәсімдеріне олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тізілімін оңалту рәсімі кезінде қалыптастырады.
Тармақ 26
26. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру, оны бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Кредиторлар талаптары тізіліміне Заңның 47-бабы 2-тармағында көрсетілген, оңалту рәсімін қолдану сәтінде туындаған кредиторлар алдындағы берешектің сомасы енгізіледі.
Тармақ 28
28. Оңалту басқарушы кредиторлар талаптарының қалыптасқан тізілімін оңалту рәсімін қолдану туралы хабарлама шыққан күннен бастап үш айдан кешіктірмей уәкілетті органға бекіту үшін осы Нұсқаулыққа сәйкес ұсынады.";
Тармақ 29
29 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.
Төраға