О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 1 февраля 2002 года № 30 «Об образовании бюджетной комиссии Костанайской области», номер государственной регистрации 1264 Қолданыста
Басқа 0
«Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 «Қостанай облысының бюджет комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1264
Кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 «Қостанай облысының бюджет комиссиясын құру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1264, 2002 жылғы 27 наурыздағы № 24 «Қостанай таңы», 2002 жылғы наурыздағы № 46 «Костанайские новости») қаулысына өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. 1-қосымшада Қостанай облысының бюджет комиссиясының құрамынан экономика, индустрия және сауда департаментінің директоры Дулат Телғараұлы Әбенов шығарылып, экономика және сауда департаментінің директоры - Арсен Жақашұлы Керімбеков енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.