О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 1 февраля 2002 года № 30 «Об образовании бюджетной комиссии Костанайской области», номер государственной регистрации 1264 Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 "Қостанай облысының бюджет комиссиясын құру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1264
Кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 "Қостанай облысының бюджет комиссиясын құру туралы" қаулысы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1264, өзгерістер енгізілсін, (2002 жылғы 27 наурыздағы № 46 "Костанайские новости", 2002 жылғы 27 наурыздағы № 24 "Қостанай таңы"):
1) 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
2) 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Қостанай облысы бюджеттік комиссиясының кұрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2004 жылғы 22 қаңтардағы
№ 10 қаулысына
1-қосымша
Қостанай облысы бюджеттік комиссиясының кұрамы
Асылжан Сарбайұлы Мамытбеков облыс әкімінің орынбасары, төраға
Мария Александровна Щеглова қаржы департаментінің директоры, төрағаның орынбасары;
Вера Пантелеевна Скарбовийчук қаржы департаменті директорының орынбасары, хатшы.
Римма Ғабдолқызы Ғайсенова облыстық мәдениет басқармасының бастығы
Едіге Молдахметұлы Ғалымжанов облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Құсайын Амангелдіұлы Кәткенов облыстық білім департаментінің директоры
Арсен Жақашұлы Керімбеков Қостанай облысының экономика және сауда департаментінің
директоры
Ольга Андреевна Киколенко облыстық еңбек, жүмыспен қамту және халықты әлеуметтік
қорғау басқармасының бастығы
Виктор Петрович Колпаков облыстық мәслихаттың бюджет мәселелері бойынша тұрақты
комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Ерлан Баққожаұлы Мукаи Қостанай облысы бойынша салық комитетінің төрағасы
Анна Григорьевна Постовая Қостанай облысы әкімі аппаратының әкімшілік органдар
және заңмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
Наталья Васильевна Смирнова Қостанай облыстык мәслихатының ревизиялық комиссия
төрайымы (келісім бойынша)
Қадырбек Бұзауғалиұлы Оспанов Қостанай облыстык дене тәрбиесі және спорт комитетінің
төрағасы
Ольга Николаевна Шрамко Қостанай облыстық Қазынашылык басқармасы бастығының м.а.
Басқа 4. Бюджет комиссиясының жұмысы туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2004 жылғы 22 қаңтардағы
№ 10 қаулысына
2-қосымша
Бюджет комиссиясының жұмысы туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже түрақты негізде қызмет ететін облыстық бюджет комиссиясының (бұдан әрі Комиссия) іс-әрекетін ретгейді.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік-құқықтық кесімдері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісті қаржы жылына облыстық бюджеттің жобасын уақытында және сапалы әзірлеуді камтамасыз ету және облыстық бюджетті анықтау мен орындау жөнінде ұсыныстар дайындау.
Тарау 3. 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
орта мерзімді кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары негізінде тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттің және облыстық бюджеттің үш жылдық кезеңге арналған негізгі болжамды көрсеткіштерін анықтау;
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының көрсеткіштерін қарау және анықтау;
алдағы үш жылдық кезеңге жергілікті және облыстық бюджеттің негізгі болжамды көрсеткіштерінің, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының, облыстық және салалық бағдарламалардың, тиісті кезеңге арналған облыс әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының сәйкестігін анықтау;
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті анықтау жөнінде ұсыныстар дайындау;
облыстық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысының мониторингі нәтижелерін қарау және олар жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды іске асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы әзірлеген материалдарды қарайды және мыналарды:
облыс бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
облыстық бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
облыстық бюджетке түсетін түсімдерді;
тиісті қаржы жылы соңына облыстың жергілікті атқарушы органы берешегінің шегін;
жергілікті атқарушы органының берешегін өтеу шығыстарының және қызмет көрсетуінің көлемін;
облыстық бюджеттен қалалар мен аудандардың бюджеттеріне берілетін субвенцияларды;
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің облыстык бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылы басында құралған несиелік берешектерін жоспарланған қаржы жылында өтеу көлемің;
Қазақстан Республикасы "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 18-2 тармағында белгіленген басқа көрсеткіштерді анықтайды.
Тармақша 2
2) экономикалық жоспарлау бойынша өкілетті органдардың ұсынған материалдарын қарайды және анықтайды:
келесі үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды облыстық бюжджеттен қаржыландыру арқылы іске асырылатын жобалардың көлемі мен тізімі үстіміздегі жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, оның ішінде, аудандар мен қалаларда іске асырылатын жобалар;
Тармақша 3
3) Комиссия жұмыс органының облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыларды қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің жобасын қарайды және анықтайды;
Тармақша 5
5) облыстық бағдарламалардың жобаларын қарайды және көздері мен қаржыландыру мерзімдері қимасында бағдарламалық іс-шаралар бойынша қаржыландыру көлемі жөнінде қорытынды жасайды, сондай-ақ бұдан бұрын бекітілген бағдарламаларды өзгерту қажеттілігі туралы қорытынды жасайды;
Тармақша 6
6) төмендегілер жөніндегі ұсыныстарды қарайды және дайындайды:
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті анықтауды;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын анықтауды және бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижелері туралы жұмыс органының ақпараты негізінде бюджеттік бағдарламаларды одан әрі жүзеге асыруды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Өз міндеттеріне сәйкес комиссияның:
Тармақша 1
1) атқару органдарымен және ұйымдармен өзара бірлесе іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен сарапшыларды тартуына;
Тармақша 2
2) шешімдер қабылдауға және өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуіне;
Тармақша 3
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуына;
Тармақша 4
4) Комиссияның отырысына бірінші басшыларды, ал олар жоқта мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың бірінші басшыларының міндетін атқаратын тұлғаларды Комиссияның міндеттерін іске асыруға байланысты сұрақтар бойынша шақыртуына және тыңдауына құқы бар.
Тарау 5. 5. Комиссияны құру және қызметінің тәртібі
5. Комиссияны құру және қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссия құрамын, орынбасарының ұсынысы бойынша облыс әкімі белгілейді.
Тармақ 8
8. Комиссияның органдары:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы;
Тармақша 2
2) Комиссияның төрағасы;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша 4
4) Комиссияның хатшысы
Тармақ 9
9. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін іске асыру жөнінде жалпы бакылауды жүзеге асырады және Комиссиямен жүзеге асырылатын қызмет үшін жауап береді. Комиссия төрағасы жоқ уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
Тармақ 11
11. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, кұжаттар мен материалдар әзірлейді, оны өткізгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
Тармақ 12
12. Жұмыстың жоспар-кестесін Комиссия белгілейді. Жергілікті бюджеттердіц жобасын әзірлеген уақытта Комиссияның жоспар-кестесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық және жергілікті бюджеттер жобаларын жасау Ережелерімен анықталған мерзімдерге сәйкес белгіленеді.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелерінің, отырыстарда қатысу жөнінде оз өкілеттіліктерін басқа адамдарға беруге құқы болмайды.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен, сонымен бірге Комиссияның мүшелерін сұрау жолымен және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауысы оларға берілген жағдайда қабылданады. Комиссия мүшелерінің шешім қабылдағанда дауыстары тең болады. Дауыс беру тең түскен жағдайда Комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 15
15. Әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындыларын көрсетуімен Комиссия отырысы күн тәртібінің мәселелерін қарау нәтижелері тиісті хаттамаларға жазылады және Комиссияның төрағасы анықтайтын жағдайларда отырысқа қатысып отырған Комиссияның мүшелері қол қояды. Комиссияның кабылдаған шешімі комиссия төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді. Комиссияның мүшелері кабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша түрде беруге құқы бар, ол отырыс хаттамасына қоса беріледі.
Тармақ 16
16. Комиссияның оған жүктелген міндеттерін орындау мақсатында кабылдаған шешімі міндетті түрде барлық мемлекеттік органдармен көрсетілген мерзімде қаралуға және орындалуға тиісті.
Тармақ 17
17. Комиссия жұмысшы органының функциялары Қостанай облысы қаржы департаментіне жүктеледі.
Тармақ 18
18. Жұмысшы органының функциялары мыналар болып табылады:
отырысқа, Комиссиямен белгіленетін мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес материалдар әзірлеу, оларды комиссия мүшелеріне, облыстық бюджет бағдарламаларының әкімгерлеріне және аудандардың, қалалардың атқарушы органдарына жіберу;
Комиссия отырысының хаттамаларын әзірлеу, сондай-ақ нормативтік-күқықтык кесімдер мен осы Ережеден туындайтын басқа функциялар.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметінің тоқтауы
6. Комиссия қызметінің тоқтауы
Тармақ 19
19. Комиссия кызметінің тоқтауына облыс әкімиятының Комиссия кызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы негіз болады.
Тармақ 20
20. Осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген жағдайлар, комиссия қызметінің тоқтатуына әкелетін, туындағанда облыс әкіміне өткізілген жұмыстар туралы есеп беру хаты жіберіледі.