О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 1 февраля 2002 года № 30 «Об образовании бюджетной комиссии Костанайской области», номер государственной регистрации 1264 Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 «Қостанай облысының бюджет комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1264
Кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 «Қостанай облысының бюджет комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1264, 2002 жылғы 27 наурыздағы № 46 «Костанайские новости», 2002 жылғы 27 наурыздағы № 24 «Қостанай таңы»), бұрын 2003 жылғы 16 маусымдағы № 145 «Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 «Қостанай облысының бюджет комиссиясын құру туралы» Қостанай облысы әкімиятының қаулысына өзгерістер енгізу туралы» әкімият қаулысымен (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2322; 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3 «Қостанай таңы»), Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 10 «Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 «Қостанай облысының бюджет комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2744; 2004 жылғы 2 наурыздағы № 25 «Қостанай таңы»):
1 қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 105 «Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 «Қостанай облысының бюджет комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1264).
Басқа 3. Қостанай облысы бюджеттiк комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкiмиятының 2004 жылғы 25 мамырдағы № 139 «Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 «Қостанай облысының бюджет комиссиясын құру туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік
тіркеу нөмірі 1264» қаулысына қосымша
Қостанай облысы бюджеттiк комиссиясының құрамы
Сергей Витальевич Кулагин
Қостанай облысының әкiмi, комиссия
төрағасы
Гүлнәр Қабденқызы Құсайынова
Қостанай облысы әкімінің орынбасары,
төрағаның орынбасары
Мария Александровна Щеглова
Қостанай қаржы
департаментiнiң директоры, төрағаның
орынбасары
Елена Анатольевна Лепетина
Қостанай облысы қаржы департаменті
бюджет бөлімінің бастығы, комиссия
хатшысы
Комиссия мүшелері:
Сәуле Төленқызы Аймұхамбетова
Қостанай облысы қаржы департаменті
директорының орынбасары
Нағима Телғарқызы Сартанова
Қостанай облысы экономика және сауда
департаменті директорының міндетін
атқарушы
Галина Анатольевна Кисленкова
Қостанай облысы қаржы департаменті
директорының орынбасары
Виктор Петрович Колпаков
Қостанай облыстық мәслихаттың
бюджет мәселелерi бойынша тұрақты
комиссиясының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Ерлан Баққожаұлы Мукаи
Қостанай облысы бойынша салық
комитетінің төрағасы
(келiсiм бойынша)
Вера Пантелеевна Скарбовийчук
Қостанай облысы қаржы департаменті
директорының орынбасары
Ольга Николаевна Шрамко
Қостанай облыстық қазынашылық
басқармасы бастығының міндетін
атқарушы (келiсiм бойынша)