О внесении изменения и дополнения в решение акима области от 1 марта 2002 года № 397 «О предоставлении права на промысловый лов рыбы и закреплении рыбохозяйственных водоемов (участков)» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 2002 жылғы 1 наурыздағы № 397 «Кәсіптік балық аулау құқығын беру балық шаруашылығы су айдындарын (телімдерін) бекіту туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Жануарлар әлемiн қорғау, ұдайы өндiру және пайдалану туралы" Заңының 14 бабын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 ақпандағы №158 "2002 жылға арналған балық шаруашылығы су айдындарында балық аулау және теңiз аңын (итбалықты) аулау лимиттерiн бекiту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ облыс әкiмiнiң шешiмiн қолданыстағы заңнаманың нормасына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi басқару туралы" Заңының 29 бабын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 1 наурыздағы №397 "Кәсiптiк балық аулау құқығын беру және балық шаруашылығы су айдындарын (телiмдерiн) бекiту туралы" шешiмiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) осы шешiмiнiң 4 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "Жайық өзенi балық аулау тартымдарындағы өндiрiстiк уақытты бөлу мiндетi Атырау аумақтық орман және биоресурстар жөнiндегi басқармаға жүктелсiн.";
Тармақша 2
2) аталған шешiм мынадай редакциядағы 10 тармақпен толықтырылсын: "Атыраубалық" акционерлiк қоғамына Түркменстанның бекiре балық аулау квотасы есебiнен Жайық өзенiнде көлемi 34 тонна балықты кәсiпшiлiк аулауға құқығы берiлсiн.";
Тармақша 3
3) осы шешiмнiң 10 тармағы 11 тармақ болып саналсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсiн.