О повышении размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий с 1 января 2002 года Қолданыста
Басқа 0
2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi:
Тармақша 1
1) 1-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi абзацында және 2-тармақта көрсетiлгеннен басқа, 1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақылар - алып жүрген зейнетақы мөлшерiнiң 25 процентiне;
Тармақша 2
2) 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап 1997 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде тағайындалған зейнетақылар;
1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған және зейнетақы тағайындалғаннан кейiнгі жұмыс iстеген екi жылғы анағұрлым жоғары жалақысынан қайта есептелген зейнетақылар - алып жүрген зейнетақы мөлшерiнен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1199 қаулысымен мақұлданған 2001 жылғы тұтыну бағаларының орташа жылдық индексiне;
Тармақша 3
3) 1998 жылғы 1 қаңтар - 2001 жылғы 31 желтоқсанда тағайындалған, 2-тармақта көрсетiлгеннен басқа зейнетақылар 2001 жылы белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1199 қаулысымен мақұлданған 2001 жылғы тұтыну бағаларының орташа жылдық индексiне арттырылсын.
Тармақ 2
2. Алып жүрген зейнетақы мөлшерiнен, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қызметшiлерiне еңбек өткерген жылдары үшiн тағайындалған зейнетақы төлемдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1199 қаулысымен мақұлданған 2001 жылғы тұтыну бағаларының орташа жылдық индексiне арттырылсын.
Тармақ 3
3. Зейнетақы төлемдерiнiң арттырылған мөлшерi тиiсті қаржы жылына арнап бекiтiлген 25 еселенген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 75 процентiнен аспайтын болып белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
бiр ай мерзiмде осы қаулыны қолдану жөнiнде түсiндiрме әзiрлесiн;
зейнетақы төлемдерiнiң арттырылуын ескере отырып, оларды төлеудi ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттырудың тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1854 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 528-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1854 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 42 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 12-құжат);
Тармақша 3
3) "2001 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 5 наурыздағы N 329 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 106-құжат) 2-тармағы.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.