О корректировке базовых налоговых ставок земельного налога на 1 квартал 2003 года Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылдың 1 тоқсанына жер салығының негізгі салық ставкаларын түзету туралы
📌 Ескерту. ҚР заңнамасына қайшы келгендіктен ШҚО әділет департаменті бастығының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы хатының негізінде күші жойылды.
Аумақтардың жерлерін аймақтарға бөлу нобайларының жобаларына жасалынған техникалық-экономикалық ескертулерді жою қажеттігіне байланысты қалалар мен аудандардың әкімдері және олардың өкілетті органдары "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес жерлерді аймақтарға бөлу нобайын облыстық өкілдік органдардың бекітуіне жаңа салықтық жылдың басталуына дейін енгізе алмайды. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 338-бабының 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының жерлерді аймақтарға бөлу жобаларын (нобайларын) аяқтағанға дейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 332, 334-баптарында көзделген жер салығының негізгі ставкалары уақытша 2003 жылдың 1 тоқсанына көтерілсін:
Тармақша 1
1) облысқа бағынатын қалалардағы (Өскемен, Лениногор, Семей, Зырян қалалары) елді мекендер жерлеріне - 30%-ға;
Тармақша 2
2) қалған елді мекендерде - 20%-ға;
Тармақша 3
3) елді мекендер шегінен тысқары орналасқан өнеркәсіп жерлеріне - 30%-ға;
Тармақша 4
4) елді мекендер шегінде, бірақ селитебтік аумақ шектерінен тысқары орналасқан өнеркәсіп жерлеріне - 20%-ға.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, экономикалық реформалар және аймақтық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет басқармасында тіркелгеннен кейін заңды күшіне енеді және 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.