О повышении размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий с 1 января 2003 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған, оның ішінде қызмет өткерген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлеріне алынатын зейнетақы төлемдері мөлшерін 12 пайызға арттыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Арттыруды ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2003 жылы белгіленген зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 5000 теңгеден кем болмайды деп белгіленсін. Бұл ретте арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген 25 есе айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызынан аспауға тиіс.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: бір ай мерзімде осы қаулының қолданылуы жөнінде түсіндірме әзірлесін; арттыруды ескере отырып, зейнетақы төлемдерін қайта есептеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.