Об утверждении Правил определения организаций, финансовая отчетность которых с 1 января 2003 года составляется в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жасалатын ұйымдарды анықтау ережесiн бекiту туралы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Бухгалтерлiк есепке алу туралы " заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы Заңының 2-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жасалатын ұйымдарды анықтау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 3. Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жасалатын ұйымдарды анықтау ережесi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 119 қаулысымен бекiтiлген Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жасалатын ұйымдарды анықтау ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Бухгалтерлiк есепке алу туралы " заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы Заңының 2-бабын iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы Ереже Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрi - ХҚЕС) сәйкес жасалатын ұйымдарды анықтау тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап ХҚЕС-қа сәйкес жасалатын ұйымдарға қызметiн реттеудi және қадағалауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын ұйымдар жатады.