О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 марта 2003 года № 111 "Об утверждении Инструкции "О работе органов внутренних дел по осуществлению лицензионно-разрешительной системы" и Правил "О порядке работы по приему, учету, хранению и обеспечению сохранности в органах внутренних дел изъятого, добровольно сданного, найденного оружия и боеприпасов, взрывчатых веществ и материалов, пороха, холодного оружия" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы" нұсқаулықты және "Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ- дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәріні, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы № 111 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жүйесін жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы» нұсқаулықты және «Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәрілерді, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 2257 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: «Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жүйесін жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы» нұсқаулықта: 27-тармақтың 5) тармақшасында сандар және «21 жасқа» деген сөз және сандар «19 жасқа» деген сөзбен және сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (М.Т. Қабденов) осы бұйрықты әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "Келісілді"                               "Келісілді" Қазақстан Республикасы                    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің            Денсаулық сақтау министрі төрағасы ____________ Ә.Ш. Шаяхметов                ___________ Ж.А. Досқалиев 2010 жылғы 5 мамыр                        2010 жылғы 4 мамыр "Келісілді"                               "Келісілді" Қазақстан Республикасының                 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі                         Төтенше жағдайлар министрі төрағасы ____________ Ә.Ш. Шаяхметов                ___________ В.К. Божко 2010 жылғы 20 мамыр                        2010 жылғы 19 мамыр