О внесении дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 марта 2003 года № 111 "Об утверждении Инструкции "О работе органов внутренних дел по осуществлению лицензионно-разрешительной системы" и Правил "О порядке работы по приему, учету, хранению и обеспечению сохранности в органах внутренних дел изъятого, добровольно сданного, найденного оружия и боеприпасов, взрывчатых веществ и материалов, пороха, холодного оружия" (зарегистрированный за № 2257) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
№ 2257 болып тіркелген "Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы" нұсқаулықты және "Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәріні, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы" ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы № 111 бұйрығына толықтыру енгізу туралы "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы" нұсқаулықты және "Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәріні, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы" ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 111 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2257 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: Аталған бұйрықпен бекітілген "Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы" нұсқаулықта: мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын: "74-1. Қызметтік қару мен оның патрондарын өндіруге, өңдеуге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, көрмеге қоюға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға тек арнайы басылымдарда, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сауда жәрмеңкелерде жарнамалауға ғана рұқсат етіледі. Аталған жарнама тікелей немесе жанама түрде өндіру технологиясын ашпауы керек.".
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер Бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И. Оттоға, Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.Алпысбаев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. "Келісілді" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы генерал-лейтенант 2004 жылғы 12 мамыр "Келісілді" Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі армия генералы 2004 жылғы 14 мамыр "Келісілді" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2004 жылғы 12 мамыр "Келісілді" "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы 2004 жылғы 11 мамыр