О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 февраля 2003 года № 57 "Об утверждении условия договора кредитования за счет средств областного бюджета", зарегистрированное в управлении юстиции Южно-Казахстанской области 12 февраля 2003 года № 819 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облыстық әдiлет басқармасында 2003 жылғы 12 ақпанда 819-нөмiрмен тiркелген "Облыстық бюджет қаражаты есебiнен кредит беру келiсiмiнiң шарттарын бекiту туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 1 ақпандағы № 57 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңын , "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысын және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1745 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 14 тамыздағы N 816 қаулысын iске асыру мақсатында Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Облыстық бюджет қаражаты есебiнен кредит беру келiсiмiнiң шарттарын бекiту туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 1 ақпандағы N 57 қаулысына (Оңтүстiк Қазақстан облыстық әдiлет басқармасында 2003 жылғы 12 ақпанда 819-нөмiрмен тiркелген, 2003 жылғы 20 ақпанда "Оңтүстiк Қазақстан" газетiнiң 23-24-нөмiрiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 2-тармақта: төртiншi абзац "ұсынатын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiк жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға оқшауландырылатын" деген сөздермен толықтырылсын; бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "заем алушы тиiстi бюджет алдында кредиттi қайтару жөнiнде тiкелей мiндеттемелерi бар бюджет қаражатынан кредит алушы;"; алтыншы абзацта "банк-заемшы" деген сөздерден кейiн "Даму Банкi," деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақта: оныншы абзац алынып тасталсын; он бiрiншi абзацтағы "бекiтiлген өтеу кестесiне сәйкес өндiрiледi" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын: "борыштың негiзгi сомасын өтеу және сыйақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiк кезеңiнiң болуы (болмауы)."; 8-тармақтағы "және микронесиелендiру" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4-тармақтармен толықтырылсын: "10-1.ұлттық валютадағы сыйақы ставкасы өтеуге дейiн бюджет кредитiнiң мерзiмiне тең мерзiммен Қаржы министрлiгi эмиссиялаған ұлттық валютадағы мемлекеттiк орта мерзiмдi индекстелмейтiн бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелерi бойынша алдағы тоқсанда қалыптасқан кiрiстiлiктiң орта өлшемдiк ставкасына тең болып белгiленедi. 10-2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 шiлдедегi N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын бюджеттiк кредит беру кезiндегi сыйақы ставкасының мөлшерi Қазақстан Республикасы Їкiметiнiң шешiмiмен анықталады. 10-3. Түпкi қарыз алушы үшiн сыйақы ставкасының мөлшерi 10-1-тармақта анықталған ұлттық валютадағы сыйақы ставкасының 1,5 (бiр бүтiн оннан бес) есебiнен аспауы тиiс. 10-4. Егер Қаржы министрлiгi эмиссиялаған бағалы қағаздардың ұйымдастырылған қайталама рыногындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргiзiлмеген жағдайда, сыйақы ставкасы өткен кезеңдегi ұлттық валютадағы сыйақы ставкасына тең белгiленедi."; мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын: "20-1. Бюджеттiк кредиттiң негiзгi борышының жеңiлдiктi кезеңiнiң ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттiк бағдарлама әкiмшісiнiң тиiстi есептеулерiмен расталады. Бұл ретте жеңiлдiктi кезеңнiң ұзақтығы кредит мерзiмi ұзақтығының 1/3 (үштен бiрi) аспауы тиiс."; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "22. Бюджеттiк кредиттi мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған кезде кредит берушi Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен кредит шартында айтылған мөлшерде айыппұл сала отырып, заңсыз пайдаланылған кредит сомасын өндiрiп алуға құқылы.".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.Н.Бурлаченкоға жүктелсiн.