О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 февраля 2003 года № 57 "Об утверждении условия договора кредитования за счет средств областного бюджета" Күшін жойған
Басқа 0
"Облыстық бюджет қаражаты есебінен кредит беру келісімінің шарттарын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 1 ақпандағы № 57 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Бюджет Кодексіне , "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік (мерзімдік және жылдық) нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1745 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Їкіметінің 2003 жылғы 14 тамыздағы N 816 қаулысына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Облыстық бюджет қаражаты есебінен кредит беру келісімінің шарттарын бекіту туралы" (Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 12 ақпанда 819-нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 20 ақпанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 23-24-нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бағдарлама әкімшісі - "Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" мемлекеттік мекемесі";
10-тармақтың 1, 2, 3-абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
1) қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
Тармақша 2
2) орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін;
Тармақша 3
3) ұзақ мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Ә.Әбішевке жүктелсін.