О повышении размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий с 1 января 2004 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң барлық алушыларына, оның iшiнде қызмет өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушы әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне 2004 жылға арналған тұтыну бағаларының орташа жылдық индексiне - алатын зейнетақы төлемдерi мөлшерiнiң 5,4 пайызына арттырылсын.
Тармақ 2
2. Қызмет өткерген жылдары үшiн әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiнiң арттырылған айлық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 75 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиiс деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануы тиiс.