О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2004 года N 257 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы N 257 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы N 257 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 11, 137-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесінде: 3-тармақта: бірінші абзацтағы "802700000 (сегіз жүз екі миллион жеті жүз мың)" деген сөздер "830783000 (сегіз жүз отыз миллион жеті жүз сексен үш мың)" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы "547700000 (бес жүз қырық жеті миллион жеті жүз мың)" деген сөздер "575783000 (бес жүз жетпіс бес миллион жеті жүз сексен үш мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.