О мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2004 года N 923 "Об утверждении Правил реализации местными исполнительными органами областей, городов Астаны и Алматы гражданам Республики Казахстан жилья, построенного в рамках реализации Государственной программы развития жилищного строительства в Республике Казахстан на 2005-2007 годы" Күшін жойған
Басқа 0
"2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесін бекіту жөніндегі" N 923 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 11-ші шілдеде бекіткен N 1388 Жарлығы бойынша 2005-2007 жылдарда тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Алматы және Астана қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережелерін бекіту жөніндегі" N 923 қаулысын іске асыру үшін Алматы қаласының Әкімшілігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Алматы қаласында тұратын азаматтарды ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылысының жинақтау қоры жүйесі арқылы баспанамен қамтамасыз етуді іске асыруға "Алматы қаласының тұрғын үй Басқармасы" Мемлекеттік мекемесі өкілетті орган ретінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының Тұрғын үй Басқармасына (Бекбатыров Ш.) тұрғын үй құрылысының жинақтау қоры жүйесі мен ипотекалық несие арқылы баспана беру жөніндегі бөлімін құру тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй құрылысының жинақтау қоры жүйесі мен ипотекалық несие арқылы баспананы рәсімдеуді реттеу туралы Тәртіп бекітілсін (қосымша).
Тармақ 4
4. Экономика жөніндегі комитетке (Л.Васильева) 2004 жылдың желтоқсан айының 1-не дейін екінші деңгейлі банктермен қосылып, несие алушы және өкілетті органмен несиелік келісімді әзірлеу тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала Әкімінің бірінші орынбасары Я.Заяцқа жүктелсін.
Басқа 6
Алматы қаласы Әкімшілігінің
2004 жылдың "12" қарашадағы
"2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
"Қазақстан Республикасында тұрғын үй
құрылысын дамытудың 2005-2007
жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы бойынша облыстардың,
Астана және Алматы қалалары
жергілікті атқарушы органдарының
Қазақстан Республикасы
азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз
ету ережесін бекіту жөніндегі" N 923
қаулысынжүзеге асыру шаралары
туралы" N 4/928 қаулысына қосымша
Ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылысы жинақтау қоры жүйесін пайдалану арқылы баспананы рәсімдеу ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Бұл Тәртіпте 2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесін бекіту жөніндегі" N 923 қаулысына сәйкес ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылыс жинақтау қоры жүйесін пайдалана отырып Алматы қаласынан тұрғын үй беру шарттары қарастырылады.
Тармақ 2
2. Баспана беруде Алматы қаласының Тұрғын үй Басқармасы өкілетті орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Алдыға қойылған міндеттерді орындау үшін, өкілетті орган төмендегідей шаралар қолданады:
Тармақша 1
1) тұрғын үйдің пайдалануға берілуіне 4 ай қалғанда бұқаралық ақпараттар құралдарында, қаланың аудандық әкімшіліктерінде, мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда тұрғын үйлерді тарату тәртібі мен шарттары туралы хабарландырулар жасалынады;
Тармақша 2
2) ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылыс жинақтау қоры жүйесі арқылы баспана алғысы келетіндерді қабылдап, тұрғын үй рәсімдеу тәртібі мен шарттары жөнінде түсініктеме береді;
Тармақша 3
3) ипотекалық несие және тұрғын үй құрылыс жинақтау қоры жүйесі арқылы тұрғын үй алушы азаматтардың қажетті құжаттарын жинақтайды;
Тармақша 4
4) заңда белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың тұрғын үйге мұқтаждығын анықтап, шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) қарыз алушының төлемқабілеттігін анықтау үшін, қарыз берушіге материалдар жібереді;
Тармақша 6
6) сатып алу-сату шарттарын жасайды;
Тармақша 7
7) осы шарттарды Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығында тіркейді;
Тармақша 8
8) жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің коммуналдық төлемдері мен пайдалануға жұмсалатын шығындары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) жоғарғы органдарға ұсыныс енгізумен қоса сот инстанцияларына қуыным беру және басқа да өкілетті орган қызметтерін іске асырады.
Тармақ 4
4. Арызданушы Тұрғын үй Басқармасына белгілі жобаға сәйкес толтырылған арыз бен қажетті құжаттарды қосып өткізеді:
Тармақша 1
1) тұрғылықты тұратын жері және отбасы құрамы туралы N 3 анықтама;
Тармақша 2
2) тұрғылықты тұратын жерінен тіркелген тұрғын үйдің заңды құжаттары;
Тармақша 3
3) Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығынан меншік құқығындағы үй-құрылысы (үлесі) туралы отбасының барлық кәмелеттік жасқа толған мүшелеріне анықтама;
Тармақша 4
4) алынып тасталды;
Тармақша 5
5) алынып тасталды;
Тармақша 6
6) алынып тасталды;
Тармақша 7
7) берілген үйге тұруға құқығы бар және бірге тұратын балаларының туу туралы куәліктері мен көшірмелері.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй Басқармасы жеке категориялар бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды жеке тіркеуге алады:
Тармақша 1
1) алынып тасталды;
Тармақша 2
2) балалары бар жас жанұялар;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар мен бюджет қаражатына өмір сүретін, мемлекеттік мекеме қызметкерлері;
Тармақша 4
4) әлеуметтік ортадағы мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй Басқармасы жоғарыда аталған категориядағылардың пәтерге мұқтаждығын анықтайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй Басқармасы тұрғын үйді пайдалануға берілуден 2 ай бұрын екінші деңгейге сәйкес банкке немесе кейбір банк операцияларын (қарыз беруші) жасайтын мекемеге арыз беруші азаматтың аты-жөнін және сол азаматтың алуға ұсынған тұрғын үйі туралы мәліметін анықтап көрсетеді.
Тармақ 9
9. Қарыз беруші тұрғын үйді пайдалануға берілуден екі ай бұрын азаматтардың төлем қабілеттігін анықтап, Тұрғын үй басқармасына қарыз алатын азаматтардың аты-жөндерін береді.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй басқармасы қарыз берушілерден азаматтардың төлем қабілеттіктері туралы хабарлама алғаннан кейін, 2004 жылдың 1-ші қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесін бекіту жөніндегі N 923 қаулының 3 тарауында көрсетілген құжаттар бойынша деректерді көрсетіп тізім құрайды.
Тұрғын үйге жекеменшік құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін Тұрғын үй басқармасы он жұмыс күннің ішінде заңда белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының азаматымен тұрғын үйді сатып алу-сату келісім шартын жасайтын мезгілдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Америка құрама Штаттары долларының құнын теңгеге шаққандағы курсы бойынша тұрғын үйдің құнын анықтап келісім шартқа отырады.
Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік тіркеуден өтіп, бюджеттік алымдардың төленгенін растайтын және жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжатты өткізгеннен кейін Тұрғын үй басқармасы заңда белгіленген тәртіп бойынша азаматтың атына осы тұрғын үйге құқын мемлекеттік тіркеуден өткізеді, ал азамат Тұрғын үй басқармасы көрсеткен реквизиттер бойынша алғашқы жарна сомасын төлейді.
Тұрғын үйге жекеменшік құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін Тұрғын үй басқармасы құқықтық құжаттардың түпнұсқасын қарыз берушіге береді.
Тармақ 11
11. Сатып алу-сату шартының барлық тармақтарын орындау мақсатында арыз иесі шартқа отыру кезінде өкілетті органға салық деректемелерін хабарлайды.
Тармақ 12
12. Алматы қаласының тұрғын үй Басқармасымен ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылыс қоры жинақтау жүйесі арқылы өткізілген тұрғын үйлерден түскен қаржыларды шоғырландыру үшін арнайы есепшот ашылады.
Тармақ 13
13. Алматы қаласы Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша түскен қаржылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті органына қайтарылады.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының "2004 жылдың 9-шы шілдедегі Қазақстан Республикасы тұрғын үй қатынастары туралы сұрақтары бойынша кейбір заңдылық актілеріне қосымша енгізу туралы" N 587-ІІ ЗҚР Заңының талабына сәйкес егер Тұрғын үй Басқармасына ипотекалық тұрғын үй несие қарызын талап ету құқығын беріп қойған жағдайда, Алматы қаласы Әкімшілігінің рұқсатымен, қайта келісім шартына сәйкес үй алуға құқылы.
Тармақ 15
15. Бұл Тәртіпке тұрғын үй қатынастарының қолданыстағы заңына сәйкес қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.