О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 1 июля 2004 гола № 61 «О Регламенте Узункольского районного маслихата» Қолданыста
Басқа 0
Ұзынкөл аудандык мәслихатының Регламенті туралы" мәслихаттың 2004 жылғы 1 шілдедегі № 61 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заныңың 8-бабының 3-тармағының 5)-тармакшасына сәйкес Ұзынкөл аудандык мәслихаты ШЕШТІ:
"Ұзынкөл аудандык мәслихатының Регламенті туралы" (мемлекеттік тіркеу № 3088, 2004 жылғы 20 тамыздағы № 33 Ак жол, 2004 жылғы 27 тамыздағы № 34, 2004 жылғы 3 қырқүйектегі № 35, 2004 жылғы 10 қырқүйектегі № 36, 2004 жылғы 17 кырқүйектегі № 37) Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 1 шілдедегі № 61 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-шы тарауда:
55-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бакылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссия мүшелерінің саның мәслихат белгілейді. Мәслихат тексеру комиссияның төрағасын (ары қарай төраға) депутаттар арасынан сайлайды.
Тексеру комиссияның төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады.
Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссияның не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары саныңың кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
1) өзінің мазмұны жағынан жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебі бойынша қөрытынды болып табылатын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті белгіленген мерзімде мәслихатқа береді және мәслихат бекіткеннен кейін ол бүкаралык акпарат құралдарында жариялануға жатады;
2) мәслихат пен әкімдікке бақылау нәтижелері бойынша жергілікті бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсіз және тиімсіз пайдаланылу фактілері жөнінде, сондай-ак жергілікті бюджетті аткару жөніндегі жұмыстағы кемшіліктер туралы ақпарат береді;
3) ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган табыс еткен жергілікті бюджеттін атқарылуына ішкі бақылау жүргізу актілеріне талдау жасайды және жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді;
4) жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептілігі мен тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазы адамдарының жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді;
6) жергілікті мемлекеттік органдардың жергілікті бюджетке түсімдердің толық және уақтылы келіп түсуіне қатысты мәселелер жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
7) жергілікті бюджеттің атқарылуына ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердің қолданысы жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
8) тиісті жергілікті бюджет қаражаттарын пайдаланудын тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;
9) құпиялық режимінің, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де қүпияның сақталуын ескере өтырып, жергілікті бюджеттің атқарылу мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысады;
10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінен белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алады;
11) жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және, қажет болған жағдайда, жергілікті бюджеттен осы максаттарға бөлінген қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей өтырып, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тартады;
12) тексеру комиссиясы өз бастамасы немесе мәслихат шешім бойынша көпшілік тыңдауларын өткізе алады. Тексеру комиссиясы қарамағына жатқызылған анағүрлым маңызды және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулары депутаттардың, атқару органдарының, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен кеңейтілген отырыстар түрінде өткізіледі. Көпшілік тыңдауларын өткізу тәртібі мәслихат регламентімен анықталады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
14) тексеру комиссия өзін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз кызметі туралы есеп береді.
15) тексеру комиссияның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары аудандық мәслихат сессиясында қарастырылады және оның шешімімен мәслихаттың жалпы жоспарының бөлігі ретінде бекітіледі;
16) тексеру комиссияның жылдық жұмыс жоспарында аудандық бюджеттің орындалуын жан-жақты жүйелі қамтамасыз ететін негізгі бағыттар мен іс-шаралар тізімі болуға тиіс;
17) тексеру комиссияның жылдық жұмыс жоспарын іске асыру үшін төрағасы тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлейді, оны мәслихат хатшысы бекітеді. Төрағасы тоқсандық жоспарларға енгізілетін мәселелер тізімін келесі тоқсанның басына дейінгі он күн ішінде тексеру комиссия мүшелерінің ұсыныстары бойынша жасайды;
18) жұмыс жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сонымен қатар жоспарланған мәселені жоспардан алып тастау немесе оны қарастыруды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімдер сайланған депутаттар саныңың кемінде үштен бірінің талап етуімен төрағаның, тексеру комиссияның мүшелері немесе мәслихат хатшысынып ұсыныстары бойынша заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
19) тексеру комиссияның жұмыс жоспарының орындалуын төрағасы бақылайды.
20) тексеру комиссияның отырыстары қажет болған жағдайда төрағасы шақыртады, бірақ тоқсанда бір реттен кем емес. Тексеру комиссияның отырысына енгізілетін мәселелерді төрағасы және тексеру комиссияның мүшелері дайындайды;
21) тексеру комиссияның отырыстары оның құрамына кіретін депутаттар саныңың жартысынан көбі қатынасқан жағдайда заңды күші бар деп есептеледі;
22) тексеру комиссияның бақылау іс-шаралары нәтижелері қарастыратын отырыстары келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
өткізілген бақылау нәтижелерінің іс-шаралары бойынша ақпарат қорытындылар;
тексеру комиссия қаулысының жобасы; Жергілікті атқарушы органның аудандық бюджетті орындау туралы есебін қарастыру қорытындылары бойынша комиссия отырысы аудан әкімдігі ұсынатын келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп;
түсіндірме жазба;
түсімдер бойынша орындау, сонымен қатар жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде олардың тиімділігін бағалау туралы талдамалық есеп;
23) тексеру комиссия өз қүзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды;
24) тексеру комиссияның қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы саныңың басым көпшілігімен қабылданады.
Тексеру комиссияның төрағасы комиссия отырысында депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда шешуші дауыс құқығын пайдалана алады.
Тексеру комиссияның қаулыларына төраға қол кояды. Тексеру Комиссия бірнеше тұрақты комиссиялардың қатысуымен бірлескен отырыс өткізген жағдайда қаулыға сол комиссиялардың төрағалары кол қояды. Қаулы қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
25) құпиялық режимді арнайы мекемелерде немесе "құпия" және «өте құпия» белгісі бар материалдарды пайдалана отырып өткізілген бақылау нәтижелерін қарастырғанда комиссия жабық отырыстар өткізе алады, оларға тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары белгіленген тәртіппен шақырылуы мүмкін;
26) тексеру комиссия отырысының қарауына ұсынылатын мәселені талқылау барысында комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол жазбаша ресімделеді және отырыс хаттамасына қосымша болып енеді;
27) тексеру комиссияның қаулылары бақылау іс-шараларының қорытындылары, аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есептің бекітілуі, сонымен қатар басқа да мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қабылданады.
Бақылау қорытындыларының қаулысы анықталған бұзушылықтарды қарастырып, жою шараларын қолдану, мемлекетке келтірілген зиянды өтеу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзған лауазымдық тұлғаларды жауапқа тарту үшін мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері - атқарушы органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
Қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың басқа да фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдары қүқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға тапсырылад;
28) тексеру комиссия отырысына ведомстволар мен бақылау объектілерінің өкілдері, сонымен қатар төрағамен келісілген тізім бойынша шақырылған басқада мүдделі тұлғалар қатынаса алады;
29) тексеру комиссия отырысында хаттама жүргізіледі, онда қатысушы лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы мен заты, баяндамашылар мен талқылауға қатынасушылар, олардың сөз сөйлеулерінің негізгі мазмұны және комиссия мүшелері қабылдаған шешімдер көрсетіледі. Қажет болған жағдайда отырыста қарастырылған мәселелер магнитофон лентасына (диктофон) жазылады;
30) тексеру комиссиясына келіп түскен өтініштер мен арыздар-ағымдар Қазақстан республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қарастырылады;
31) мәслихат шешімімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шараларын орындау үшін жауапты орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетілген мәслихат хатшысының әкімі шығарылады. Бақылау іс-шаралары туралы әкім қатаң есепті бланктерде ресімделеді және міндетті түрде тексеру басталған күні тексерілуші ұйымның басшысына тапсырылады;
32) мәслихат аппаратының қызметкерлерін бақылау іс-шараларын өткізуге тартқанда мәслихат хатшысы қатаң есепті бланктерде ресімделген арнайы өкімге қол қояды;
33) тексеру комиссияның төрағасы жұмыс жоспары және бақылау объектісін алдын ала зерделеу негізінде бюджеттік бағдарламаларды, мекемелер мен орындаушыларды атап бақылау іс-шараларын өткізу бағдарламасын жасайды;
34) тексеру комиссия мүшелері, мәслихат аппараты қызметкерлері, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарының бақылау іс-шараларын өткізумен байланысты материалдарды зерделеу мен талдауға қатысуына құпиялық режимін қызметтік коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияларды қамтамасыз ету есебінен іске асырылады;
35) бақылау іс-шараларын өткізу нәтижелері бойынша екі дана тексеру акті ресімделеді және оған тексеруші ұйымның басшысы және бас бухгалтері қол кояды. Бірінші данасы тексерілуші ұйымның басшысына (немесе жауапты лауазымды тұлғаға) тапсырылады, екіншісі тексерушіде қалады. Тексеруші объектінің басшысын актімен таңыстыру үш күнге дейінгі мерзімде өткізіледі. Келіспеушілік болған жағдайда тексерілуші ұйымның басшысы өз қолының алдында "Келіспеушіліктермен" белгісін қояды және жеке құжаттармен өз келіспеушіліктерінің негіздемесін растайды. Он күн ішінде келіспеушіліктер тексеру комиссияға жолданады;
36) актіге тиісті құжаттармен расталмаған әртүрлі қорытындылар, ұсыныстар мен деректер енгізілмейді;
37) төраға алынған келіспеушіліктерді қарастырады және актіге қол қойылған күннен бастап он күн ішінде ұйымның басшысына жазбаша жауап береді;
38) бақылау нәтижелері бойынша төраға тексеру комиссияда қарастыруға материалдар, мәслихаттың жақында болатын сессиясына комиссия қаулысының жобасын және бақылау нәтижелері туралы ақпарат дайындайды;
39) тексеру комиссияның қабылданған қаулыларының іске асырылу барысын төраға бақылайды;
40) тексеру комиссияның жұмысының жариялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес іске асырылады;
41) тексеру комиссия, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және ішкі бақылау қызметтері келісім бойынша бірлескен бақылау қызметін жүзеге асыра алады;
42) тексеру комиссия мен мемлекеттік қаржылық бақылау органдары актілері мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының талаптарына сәйкес келген жағдайда бақылау нәтижелерін өзара таниды, келісілген мерзімде тексерілген объектілер және тақырыптық бақылаумен қамтылған бағдарламалар туралы ақпараттар алмасады;
43) тексеру комиссия мен қаржылық бақылау органдары кешенді бақылауды жиі дегенде жылына бір рет және кемдегенде екі жылда бір рет жүргізеді;
44) тексеру комиссия мүшелеріне бақылау актілерінде жазылған мәліметтердің аңықтығы, объективтілігі және толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады».