О внесении дополнения в решение маслихата от 1 июля 2004 года № 61 «О регламенте Узункольского районного маслихата» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2004 жылғы 1 шілдедегі № 61 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламенті туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі деңгейін арттыру, әкімдердің мәслихаттардың алдында есептілігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 1 шілдедегі «Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламенті туралы» (2004 жылғы 23 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 3088, 2004 жылғы 20 тамыздағы № 33, 2004 жылғы 27 тамыздағы № 34, 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 35, 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 36, 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 37 «Ақ жол»), келесі редакцияда баяндалған, «Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламенті туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 1 шілдедегі № 61 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 11 наурыздағы № 109 (2005 жылғы 1 сәуірде мемлекеттік тіркеу нөмірі 3437, 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 14, 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 16 «Ақ жол») шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, № 61 шешімінің 3-бөлімі 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығын орындау үшін, жарты жылда бір рет, аудандық мәслихаттың екі сессияларында, аудан әкімі, өзінің құзыретінің шеңберінде аудандық мәслихаты депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есеп береді. Есеп қорытындысы мен оның талқылауы жөнінде аудандық мәслихаттың шешімі қабылданады».
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.