О внесении изменений в решение маслихата от 1 июля 2004 года № 61 «О Регламенте Узункольского районного маслихата» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2004 жылғы 1 шілдедегі № 61 "Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламенті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2004 жылғы 1 шілдедегі № 61 "Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламенті туралы" (2004 жылғы 23 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 3088, 2004 жылғы 20 тамыздағы №33, 2004 жылғы 27 тамыздағы №34, 2004 жылғы 3 қыркүйектегі №35, 2004 жылғы 10 қыркүйектегі №36, 2004 жылғы 17 қыркүйектегі №37 "Ақ жол") шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін (2005 жылғы 11 наурыздағы №109 "Мәслихаттың 2004 жылғы 1 шілдедегі № 61 "Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламенті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен (2005 жылғы 1 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 3437, 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 14, 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 16 "Ақ жол"); 2006 жылғы 12 мамырдағы № 247 "Мәслихаттың 2004 жылғы 1 шілдедегі № 61 "Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламенті туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" (2006 жылғы 30 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-25, 2006 жылғы15 маусымдағы №24 "Нұрлы жол") шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
6-шы тарауда:
55-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Мәслихат, аудандық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу үшін, өз қүзыреті мерзімінің шеңберінде, мемлекеттік қаржылық бақылау органына жататын тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің саны мәслихатпен анықталады. Тексеру комиссиясының төрағасы (бұдан әрі мәтін бойынша төраға) депутаттар ішінен мәслихатпен сайланады.";
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"мәслихаттың шешімімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шараларын орындау үшін, жауапты орындаушылар мен бақылау мерзімі көрсетілген, мәслихат хатшысының өкімі шығарылады.
Бақылау іс-шаралары жөніндегі өкім қатал есептегі бланктерде рәсімделеді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің аумақтық органдарында тіркелуге тиіс.
Бақылаулық іс-шаралары жөніндегі өкім тексеретін мекеменің басшысына тексеру жүргізетін күннің басында тапсырылады;".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.