О повышении размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий с 1 января 2005 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн 2005 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң барлық алушыларына, оның iшiнде қызмет өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушы әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне алатын зейнетақы төлемдерi мөлшерiнiң 7,7 пайызына арттыру жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қызмет өткерген жылдары үшiн әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiнiң арттырылған айлық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 75 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиіс деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.