О внесении дополнений и изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 1 июня 2005 года N 183-ОД "Об отчетности местных исполнительных органов областей (города республиканского значения, столицы) о деятельности субъектов естественных монополий, включенных в местные разделы Государственного регистра субъектов естественных монополий" Күшін жойған
Басқа 0
"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополиялар субьектiлерiнiң қызметi туралы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының есептiлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 1 маусымдағы N 183-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметi туралы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының есептiлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 1 маусымдағы N 183-НҚ бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3724 нөмiрмен тiркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 10 желтоқсанда жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың 2) тармақшасына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
сегiзiншi абзацтағы "қамтитын есептiлiк нысаны бекiтiлсiн." деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"осы бұйрыққа берiлген 11-қосымшаға сәйкес талап арыз жұмысы жөнiндегi ақпаратты қамтитын есептiлiк нысаны бекiтiлсiн.";
көрсетiлген бұйрыққа берiлген 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-жолмен толықтырылсын:
"10. Талап арыз жұмысы
жөнiндегi ақпарат (осы
бұйрықтың
11-қосымшасы)
тоқсан сайын
(келесi есеп
берiлетiн тоқсаннан кейiнгi
айдың 5-нен кеш емес)
Уәкiлеттi
орган
";
көрсетiлген бұйрыққа берiлген 10-қосымша осы бұйрыққа берiлген 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа берiлген 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 11-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (О.Е.Есiркепов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының назарына жеткiзсiн;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оның заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Төраға
Басқа 1. Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуы туралы мәлiмет
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттiгi төрағасының
2006 жылғы 17 наурыздағы
N 76-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының 2005 жылғы
1 шiлдедегi N 183-НҚ
бұйрығына 10-қосымша
Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуы туралы мәлiмет
р/с
N
Табиғи моно-
полия
субъек-
тісінің
атауы
ӘҚтК
және
табиғи
монопо-
лиялар
туралы
заңна-
маның
норма-
лары
бойынша
саралау
Ден қою
бойынша
шыға-
рылған
акті
(түрі,
атауы,
күні,
нөмірі)
Ден қою
актінің орын-
далуы
туралы
мәлі-
меттер
Айыппұл
мөлшері
(күні,
айыппұл
салу ту-
ралы қау-
лының немесе
сот шеші-
мінің
нөмірі)
Заңсыз алынған
табыстың
мөлшері
(егер
ондай
болған
жағ-
дайда)
Ескерту
1
2
3
4
5
6
7
8
Басқа 2. Талап арыз жұмысы ақпарат
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттiгi төрағасының
2006 жылғы 17 наурыздағы
N 76-НҚ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының 2005 жылғы
1 шiлдедегi N 183-НҚ
бұйрығына 11-қосымша
Талап арыз жұмысы ақпарат
р/с
N
Талапкер
Жауапкер
Талап қою
бойынша іс
жүргізу мәні
Сот ісін
қарау
нәтижесі
Ескерту
1
2
3
4
5
6