О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2005 года N 541 и от 19 июля 2005 года N 745 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 541 және 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің»Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 541 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 23, 285-құжат):
2-тармақтағы "студенттерге берілген кредиттер" деген сөздер "білім беру кредиттері" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.21 № 248 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.