О внесении изменении в постановление от 1 июня 2005 года № 1676 «О Координационном совете по борьбе с преступностью и коррупцией» Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылғы 1 маусымдағы № 1676 " Қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес және аудан әкімдігі жанынан қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Үйлестіру кеңесі төрағасының шығуына және басқа жұмысқа ауысуына байланысты, Үлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 1676 "Қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы" (тіркеу нөмірі 4, 2005 жылғы 23 шілдеде аудандық «Ұлан таңы» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-ші тармағында:
Үйлестіру кеңесінің құрамына Александр Васильевич Гречухин, Ұлан ауданының әкімі Үйдестіру кеңесінің төрағасы болып енгізілсін;
Үйлестіру кеңесінің құрамынан Иван Васильевич Белихин шығарылсын.
Тармақ 2
2. Өзгертілген Үйлестіру кеңесінің дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына (Ш.Оксумбаева) жүктелсін.