О внесении изменений в постановление от 1 июня 2005 года № 1676 «О Координационном совете по борьбе с преступностью и коррупцией» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 1 маусымдағы № 1676 " Қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы"қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» 2000 жылғы 20 сәуірдегі №377 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес және аудан әкімдігі жанынан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Үйлестіру кеңесінің құрамынан кейбір мүшелердің шыгуына және олардың басқа Жұмысқа ауысуына байланысты, Үлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 1676 "Қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы" (тіркеу нөмірі 4, 2005 жылғы 23 шілдеде аудандық «Үлан таңы» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-ші тармағында: үйлестіру кеңесінің құрамына: Серикжан Калибекович Тасщанов, Үлан ауданының прокуроры; Джамбулат Аманович Калетаев, ¥лан ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы енгізілсін; үйлестіру кеңесінің құрамынан: Калымбек Саянович Кумаргажин, Қуандык Тлеуханович Мухаметжанов шығарылсын.
Тармақ 2
2. Өзгертілген Үйлестіру кеңесінің дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге енгізілсін. З. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараттының басшысына (Ш. Оскумбаева) жүктелсін.