О повышении размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий с 1 января 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің барлық алушыларына, оның ішінде қызмет өткерген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің сегіз пайызына арттыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қызмет өткерген жылдары үшін әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлерінің арттырылған айлық зейнетақы төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жетпіс бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.