О внесении изменений в решение городского маслихата от 1 февраля 2006 года № 30/275 "Об оказании социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на содержание жилища и оплату коммунальных услуг" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-25, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 2 тармақтың екінші абзацында "969" саны "1115" санымен ауыстырылсын, "1368" саны "1820" санымен ауыстырылсын; үшінші абзацында "831"саны "920" санымен ауыстырылсын, "1388" саны "1841" санымен ауыстырылсын; төртінші абзацында "778" саны "813" санымен ауыстырылсын, "1480" саны "1933" санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.Қ.) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді. "КЕЛІСІЛДІ" 14 ақпан 2007 жыл 14 ақпан 2007 жыл 14 ақпан 2007 жыл 14 ақпан 2007 жыл