О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 1 февраля 2006 года № 30/276 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)" Күшін жойған
Басқа 0
"Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-26, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тармақта "9700" саны "10236" санымен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 2 тармақта "600" саны "750" санымен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 4 тармақ келесі мазмұндағы 5, 6 тармақшаларымен толықтырылсын:
"5) зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі;
6) белгіленген нысандағы мүгедектігі туралы анықтама".
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К.) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі
Токушев Қ.Ә.
14 ақпан 2007 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Адамова Қ.Қ.
14 ақпан 2007 жыл
Қаржы бөлімі
меңгерушісі
Томпиева Ж.Қ.
14 ақпан 2007 жыл
Экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы
Шлыкова З.С.
14 ақпан 2007 жыл