О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 февраля 2006 года № 56 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi екi апта мерзiмде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы ереженi бекiтсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 наурыздағы N 346 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 115-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру ережесiнде:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы "отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi комиссиялар" деген сөздер "отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 555 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 152-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесiнде:
15-тармақтың 1) тармақшасындағы "және әйелдер iстерi" деген сөздер "iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 3-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.02. N 79 қаулысымен.
Тармақ 4
4. "Облыстың (Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 наурыздағы N 194 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 7, 56-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереже
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 28 ақпандағы
N 138 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң (бұдан әрi - әкiм) жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерi, әкiмнiң шешiмдерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
Тармақ 3
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың контексiндегi отбасы мен гендерлiк теңдiкке қатысты кешендi өңiрлiк (облыстық және қалалық) бағдарламаларды қалыптастыру;
Тармақша 2
2) отбасы мүдделерiн қорғау және Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру мәселелерi бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен және азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 3
3) облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуалды талдау, Қазақстан Республикасындағы гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;
Тармақша 4
4) әлеуметтiк-экономикалық мәселелер бойынша өңiрлiк тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 5
5) мыналарға:
әйелдердi басшы лауазымдарға, мәслихат депутаттарына ұсынуға, шешiмдер қабылдау деңгейiнде әйелдердiң 30% өкiлдiгi болуына;
халыққа гендерлiк бiлiм беру мен ағартуға, гендерлiк бiлiм беру жөнiнде оқу-әдiстемелiк әдебиет, ақпараттық бюллетендер, бағдарламалар, әдiстемелiк құралдар әзiрлеуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасауға, ата-аналарды әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің мәселелерi бойынша ағартуға, қыздарды техникалық мамандықтарға оқуға тартуға, әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларға гендерлiк көрсеткiштер енгiзуге;
экономикалық саладағы әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге, кәсiпкерлiктi дамытуға, әйелдердi шағын және орта бизнеске тартуға, отбасылық бизнестi дамытуға, экономикалық бiлiм беру орталықтарын ұйымдастыруға;
отбасы институтын нығайтуға, отбасы қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге;
отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жоюға, әйелдер мен балалар трафигiне қарсы күрес жүргiзуге;
демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) халықтың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болуын сақтау және нығайту, өмiр сүру сапасын арттыру проблемаларын зерделеу және ол бойынша ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 7
7) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдарымен, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiмен, заңды тұлғалармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, жыныстар теңдігінің, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу;
Тармақша 8
8) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, заңды тұлғалардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық ұйымдардың Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар жөнiндегi ұсыныстарын қарау, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң тиiстi ұсынымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның ұсыныстарын дайындау;
Тармақша 9
9) отбасы, жыныстар теңдігінің сақталмауы мәселелерiне қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның өкiлеттiктерi
3. Комиссияның өкiлеттiктерi
Тармақ 4
4. Комиссияның өз құзыретiнiң шегiнде:
Тармақша 1
1) өзiнiң отырыстарында жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн және азаматтарды тыңдауға;
Тармақша 2
2) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнен және заңды тұлғалардан қажеттi құжаттар, материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiне жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi бұзу фактiлерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тергеулер жүргiзу қажеттiгi туралы өтiнiш жасауға;
Тармақша 4
4) облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерi мен әкiмдерiнiң жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерін қозғайтын кесiмдерiнiң жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 5
5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң және заңды тұлғалардың өкiлдерiн Комиссияның жүргiзуiне жатқызылған мәселелердi қарау үшiн комиссия отырыстарына шақыруға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Комиссия азаматтардың келiп түскен өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша материалдарды жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң қарауына мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн жолдай алады.
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметiн осы Үлгi ережеге сәйкес әкiм бекiткен Ереженiң негiзiнде жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Комиссияны Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымымен келiсiм бойынша әкiм тағайындайтын төраға басқарады.
Комиссия төрағасының орынбасары болады.
Тармақ 8
8. Комиссияға, әдетте жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң және заңды тұлғалардың өкiлдерi кiредi.
Комиссияның сандық және жеке құрамын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкiм белгiлейдi.
Тармақ 9
9. Комиссияның отырыстары қажетiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.
Тармақ 10
10. Комиссия шешiмдi отырысқа қатысып отырған өз мүшелерi санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса заңды болып саналады.
Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 11
11. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияның қызметiн ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн жасайды;
Тармақша 3
3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етедi;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелерiнiң ішінен Комиссия отырысының күн тәртiбiне енгiзiлген мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
Тармақша 5
5) тоқсан сайын әкiм мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия төрағасының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп бередi;
Тармақша 6
6) оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапты болады.
Тармақ 12
12. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша Комиссия мәжiлiстерiнде орынбасар төрағалық етедi.
Тармақ 13
13. Комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн дайындайды;
Тармақша 2
2) Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және оны бақылайды;
Тармақша 3
3) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
Тармақ 14
14. Комиссия мүшелерi Комиссия отырыстарына алмастыру құқығынсыз дербес қатысады.
Тарау 5. 5. Комиссияның қызметiн қамтамасыз ету
5. Комиссияның қызметiн қамтамасыз ету
Тармақ 15
15. Комиссияның қызметiн ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң аппараттары жүзеге асырады.