О повышении размеров пенсионных выплат за выслугу лет из Государственного центра по выплате пенсий с 1 июня 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 1 маусымнан бастап әскери қызметшiлерге, арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары үшiн 2005 жылғы 1 шiлдеге дейiн тағайындалған Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушының лауазымдық жалақысынан, әскери (арнайы) атағы бойынша жалақысынан (қосымша ақысынан) тұратын ақшалай үлесiнiң мөлшерi және еңбек сiңiрген жылдары негiзге алына отырып саралап арттыру жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған 2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2006 жыл 1 маусымнан қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Басқа 4. 2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру ережесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 мамырдағы N 454 қаулысымен бекітілген 2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру ережесi Осы 2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес 2006 жылғы 1 маусымнан бастап әскери қызметшiлерге, арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртіп қолданылатын ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары үшiн 2005 жылғы 1 шiлдеге дейiн тағайындалған Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушының лауазымдық жалақысынан, әскери (арнайы) атағы бойынша жалақысынан (қосымша ақысынан) тұратын ақшалай үлесiнiң мөлшерi және еңбек сiңiрген жылдары негiзге алына отырып, арттыру тәртiбiн көздейдi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ЛЖ 0 - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақы;
Тармақша 2
2) ЛЖ 2005 - 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген ұқсас немесе теңестiрiлген лауазым бойынша лауазымдық жалақы;
Тармақша 3
3) К лжк - 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген, ұқсас немесе теңестiрiлген лауазым бойынша лауазымдық жалақының зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақыға қатынасын айқындайтын лауазымдық жалақы коэффициентi;
Тармақша 4
4) ӘАЖ 0 - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы);
Тармақша 5
5) ӘАЖ 2005 - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы);
Тармақша 6
6) К әаж - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақыға (қосымша ақыға) қатынасын айқындайтын әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) коэффициентi;
Тармақша 7
7) АҮ 2005 - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге ұқсас немесе теңестiрiлген лауазымы мен атағы бойынша 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген ақшалай үлес;
Тармақша 8
8) ЕЖК - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге белгiленген еңбек сiңiрген жылдарының көрсеткiшi;
Тармақша 9
9) А 2006 - осы Ережеге сәйкес арттырылған зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi;
Тармақша 10
10) еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi.
Тармақ 2
2. Осы Ережеге сәйкес еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыруды еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар 2006 жылғы 10 маусымға дейiнгi мерзiмде еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақы төлемдерiнiң арттырылған мөлшерiне үзiндi көшiрмелердi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың облыстық филиалдарына бере отырып, жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Зейнетақы төлемдерiн арттыру үшiн лауазымы, әскери (арнайы) атағы, еңбек сiңiрген жылдары зейнетақы iсiнiң деректерi бойынша қабылданады.
Тарау 2. 2. Лауазымдық жалақының коэффициентiн айқындау тәртiбi
2. Лауазымдық жалақының коэффициентiн айқындау тәртiбi
Тармақ 4
4. К лжк есептеу үшiн зейнетақы iсiндегi зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақы және 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген, ұқсас немесе теңестiрiлген лауазым бойынша лауазымдық жалақы қолданылады.
Тармақ 5
5. 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген, ұқсас немесе теңестiрiлген лауазым бойынша лауазымдық жалақының мөлшерiн еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар айқындайды.
Тармақ 6
6. 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген ұқсас немесе теңестiрiлген лауазым бойынша лауазымдық жалақы зейнетақы iсiндегi зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақыға бөлiнедi: ЛЖ 2005 К лжк= ___________ ЛЖ 0
Тармақ 7
7. К лжк үтiрден кейiн үш белгiге дейiнгi дәлдiкпен анықталады. Егер төртiншi белгi 5-ке тең және одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.
Тарау 3. 3. Әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) коэффициентiн айқындау тәртiбi
3. Әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) коэффициентiн айқындау тәртiбi
Тармақ 8
8. К әаж есептеу үшiн зейнетақы iсiндегi зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) және зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шiлдеден белгiленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) қолданылады.
Тармақ 9
9. Зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) зейнетақы iсiндегi зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнi белгiленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақыға (қосымша ақыға) бөлiнедi: ӘАЖ 2005 Кәаж = ___________ ӘАЖ 0
Тармақ 10
10. К әаж үтiрден кейiн үш белгiге дейiнгi дәлдiкпен анықталады. Егер төртiншi белгi 5-ке тең және одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.
Тарау 4. 4. 2005 жылғы ақшалай үлестi айқындау тәртiбi
4. 2005 жылғы ақшалай үлестi айқындау тәртiбi
Тармақ 11
11. АҮ 2005 зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақы мен лауазымдық жалақы коэффициентi және зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) мен әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) коэффициентi көбейтiндiлерiнiң сомасы ретiнде айқындалады: АҮ 2005 = АЖ 0 х К лжк + ӘАЖ 0 х К әаж
Тармақ 12
12. АY 2005 ж тұтас санға дейiнгi дәлдiкпен анықталады. Егер үтiрден кейiнгi белгi 5-ке тең және одан көп болса, онда бүтiн санға бiр бiрлiк қосылады.
Тарау 5. 5. Зейнетақы төлемдерiнiң арттырылған мөлшерiн айқындау
5. Зейнетақы төлемдерiнiң арттырылған мөлшерiн айқындау
Тармақ 13
13. Зейнетақы төлемдерiнiң арттырылған мөлшерiн айқындау үшiн 2005 жылдың ақшалай үлесi еңбек сiңiрген жылдарының көрсеткiшiне көбейтiледi. А 2006 = АY 2005 Х ЕЖК.
Тармақ 14
14. Еңбек сiңiрген жылдарының көрсеткiшi әскери қызметте, арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын iшкi iстер органдарындағы қызметте және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнде, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарында еңбек сiңiрген жылдарына және еңбек стажына байланысты осы Ережеге қосымшаға сәйкес анықталады.
Тармақ 15
15. Арттырылған зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi мыналардан төмен болмауға тиiс:
Тармақша 1
1) алатын ағымдағы зейнетақы төлемдерi мөлшерiнен. Егер сараланып жоғарлату ескерiле отырып анықталған зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ағымдағы зейнетақы төлемдерiнен төмен болса, онда ағымдағы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi сақталады;
Тармақша 2
2) толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерiн қоспағанда, "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен төмен.
Тармақ 16
16. Зейнетақы төлемдерiнiң осы Ережеге сәйкес арттырылған мөлшерi "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс бес еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
Басқа 38. Еңбек сiңiрген жылдары көрсеткiштерiнiң кестесi, %-бен (толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерiн қоспағанда)
2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру ережесiне қосымша Еңбек сiңiрген жылдары көрсеткiштерiнiң кестесi, %-бен (толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерiн қоспағанда) ЕЖК Ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры, жыл­мен 20 21 22 23 24 25 Ең­бек ста­жы, жыл­мен 0 50 50 50 50 50 50 1 50 50 50 50 50 51 2 50 50 50 50 51 52 3 50 50 50 51 52 53 4 50 50 51 52 53 54 5 50 51 52 53 54 55 6 51 52 53 54 55 56 7 52 53 54 55 56 57 8 53 54 55 56 57 58 9 54 55 56 57 58 59 10 55 56 57 58 59 60 11 56 57 58 59 60 61 12 57 58 59 60 61 62 13 58 59 60 61 62 63 14 59 60 61 62 63 64 15 60 61 62 63 64 65 16 61 62 63 64 65 65 17 62 63 64 65 65 65 18 63 64 65 65 65 65 19 64 65 65 65 65 65 20 және одан көп 65 65 65 65 65 65 кестенің жалғасы ЕЖК Ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры, жыл­мен 26 27 28 29 30 31 32 33 және одан көп Ең­бек ста­жы, жыл­мен 52 54 56 58 60 62 64 65 53 55 57 59 61 63 65 65 54 56 58 60 62 64 65 65 55 57 59 61 63 65 65 65 56 58 60 62 64 65 65 65 57 59 61 63 65 65 65 65 58 60 62 64 65 65 65 65 59 61 63 65 65 65 65 65 60 62 64 65 65 65 65 65 61 63 65 65 65 65 65 65 62 64 65 65 65 65 65 65 63 65 65 65 65 65 65 65 64 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65 65