О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 1 февраля 2007 года № 19/2 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан в 2007 году». Зарегистрировано в Управлении юстиции Иртышского района 28 февраля 2007 году НГР 12-7-47 Қолданыста
Басқа 0
«2007 жылғы жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы» 2007 ж. 1 ақпанындағы № 19/2 аудан әкімдігінің қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы. Ертіс ауданының Әділет басқармасында МТН 12-7-47 2007 ж. 28 ақпанында тіркелген
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімдігінің актілерін сәйкестікке келтіру және де жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың 1 ақпандағы № 19/2 аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген «2007 жылы жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау Нұсқауын бекітру жөніндегі» Ертіс ауданының Әділет басқармасында МТН 12-7-47 2007 жылдың 1 ақпанында тіркелген «Ертіс нұры» газетінде жарияланған Нұсқауға келесі өзгертулер енгізілсін:
Тармақ 1
1. 2 тармағы:
1) тармақша 6) төмендегі редакцияда мазмұндалсын:
«6) жазғылықты, жалғыз басты тұрып жатқан зейнеткерлерге – тұрғын – үй коммуналдық қызмет көрсету бойынша шығының орнын толтыру»;
2) 12 тармақшының сегізінші абзацы алынсын;
3) 31 тармақша төмендегі мазмұнмен толықтырылсын;
«31) Құрметті азаматтар қатарындағы зейнеткерлерге тұрғын – үй коммуналдық қызмет көрсету бойынша шығынның орнын толтыру»;
Тармақ 2
2. 4 тармақтағы:
1) 6 тармақшы келесідей редакцияда мазмұндалсын:
«6) жалғызылықты, жалғыз басты тұрып жатқан зейнеткерлерге – тоқсан сайын 2184 теңге көлемінде»;
2) 31) тармақша төмендегі мазмұнымен толықтырылсын:
«31) тұрғын – үй коммуналдық қызмет көрсету бойынша шығынның орнын толтыруға ай сайынғы көмек – 1364 теңге көлемде»;
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.