О внесении изменений в постановление акимата Буландынского района от 1 февраля 2007 года №а-2/20 «Об организации социальных рабочих мест в Буландынском раионе в 2007 году» Қолданыста
Басқа 0
«2007 жылда Бұланды ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № а-2/20 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабының негізінде халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу мақсатында және «Синергия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы-«Макин кұрылыс материалдары зауыты» тарпынан әлеуметтік жұмыс орындарын кұру жөніндегі шарттық міндеттерге өзгерістер енгізуге байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұланды ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы №а-2/20 «2007 жылда Бұланды ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Бұланды аудандық әділет басқармасында 2007 жылғы 19 ақпанда №1-7-41 тіркелген, «Бұланды жаршысы» газетінің 23 ақпан 2007 жылғы №8 санында жарияланған қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындардың тізбесінде:
Тармақша 1
1) 1-тармақтағы «5» цифры «15» цифрларына ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) 2-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Бұланды аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
меңгерішісі К.Н.Исмағанбетова
20.07.07. ж.
«Буланды аудандық қаржы
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің меңгерушісі Г.П.Вахрушева
20.07.07. ж.
«Бұланды тас карьері» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры Т.Е.Шоланов
20.07.07. ж.
«Макинск металл құю-механикалық
зауыты» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры Ә.С.Қанатбаев
«Макинск элеваторы» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры И.Д.Черкасов
Басқа 6
Аудан әкімдігінің 20.07.2007
жылғы №а-7/148 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындардың тізбесі
Р/с
Кәсіпорындар атауы
Адам саны
1.
«Бұланды тас карьері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
15
2.
«Макинск құю-механикалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
15
3.
«Макинск элеваторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
30