«О внесении изменений в постановление акимата района от 1 февраля 2008 года № а-2/56 «Об оказании дополнительной социальной помощи некоторым категориям инвалидов» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Щучье ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № а-2/56 «Мүгедектердің кейбір санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетгік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына, “Нормативтік кұқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Щучье ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № а-2/56 «Мүгедектердің кейбір санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына (Щучье ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 21 ақпанда 1-19-126 нөмірмен тіркелген, «Луч» газетінің 2008 жылғы 14 ақпандағы 13 нөмірінде, «Бурабай» газетінің 2008 жылғы 21 ақпандағы 10 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 4 тармақтың 2 тармақшасындағы «жеке куәлік» сөздері «жеке басын куәландыратын құжат» сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 4 тармақтың 7, 8 тармақшалары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Алтаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының ІЦучье ауданының әділет басқарсында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.