О повышении размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий с 1 января 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін:
Тармақша 1
1) 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдері мынадай шамалардың неғұрлым көп мөлшерінде: "2003 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 564 қаулысына сәйкес есептелген еңбек өтілі мен орташа айлық жалақы деректеріне қарай. Бұл ретте арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін қабылданатын экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының ең көп мөлшері "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс; алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 9 (тоғыз) пайызына;
Тармақша 2
2) 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тағайындалған зейнетақы төлемдері мынадай шамалардың неғұрлым көп мөлшерінде: зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ұсынылған еңбек өтілі мен орташа айлық табысына қарай. Бұл ретте арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін қабылданатын орташа айлық табысының ең көп мөлшері "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс; алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 9 (тоғыз) пайызына;
Тармақша 3
3) қызмет өткерген жылдары үшін әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлерінің алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 9 (тоғыз) пайызына арттыру жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) еңбек өтілі мен орташа айлық жалақыға қарай арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 (жетпіс бес) пайызынан аспауға;
Тармақша 2
2) қызмет өткерген жылдары үшін әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлерінің алатын зейнетақы төлемдерінің арттырылған мөлшері "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жетпіс бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде осы қаулының қолданылуы жөнінде түсіндірме дайындасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.