О повышении размеров социальных выплат из Государственного фонда социального страхования с 1 января 2010 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларға тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.