О внесении дополнения и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 396
- Қабылданған күні
- 05.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2013 AI60221_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007103
- ЭКБ идентификаторы
- 60221
- Редакция идентификаторы
- AI60221_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:49
0 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет тұралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 871 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«015 Жеке куәлік құжаттарын дайындау»;
«033 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға, оралмандарды құжаттандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы жаңа редакцияда жазылсын:
«033 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
252 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
«019 Көші-қон полициясының қосымша штаттық санын материалдық-техникалық жарақтандыру және ұстау, оралмандарды құжаттандыру» бюджеттік бағдарламасы жаңа редакцияда жазылсын:
«019 Көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстау, материалдық-техникалық жарақтандыру»;
352 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
«019 Көші-кон полициясының қосымша штаттық санын материалдық-техникалық жарақтандыру және ұстау, оралмандарды құжаттандыру» бюджеттік бағдарламасы жаңа редакцияда жазылсын:
«019 Көші-кон полициясының қосымша штат санын ұстау, материалдық-техникалық жарақтандыру»;
221 «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
«015 Жеке куәлік құжаттарын дайындау» бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын.