О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында: 1 «Құқық қорғау қызметі» функционалдық кіші тобында: 201 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 001 «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша: 100 «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету», 101 «Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік кіші бағдарламалары алып тасталсын; 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында: 279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын: «279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»; 3 «Елді-мекендерді көркейту» функционалдық кіші тобында: 279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын: «279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»; 09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында: 9 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында: 279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын: «279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»; 10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында: 2 «Су шаруашылығы» функционалдық кіші тобында: 279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын: «279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»; 13 «Басқалар» функционалдық тобында: 9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында: 279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын: «279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;.
Тармақ 2
2. Бюджеттік процесі әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.