О внесении изменения в решение акима Есильского сельского округа от 1 июня 2010 года № 2 «О присвоении наименования улице в селе Шиликти»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Есильского сельского округа от 1 июня 2010 года № 2 «О присвоении наименования улице в селе Шиликти»
- Атауы (қаз.)
- Есіл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 2 «Шілікті ауылының көшесіне атау беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 13.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2017 109724_155791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BFC05744
- ЭКБ идентификаторы
- 109724
- Редакция идентификаторы
- 109724_155791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:26
0 Есіл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 2 «Шілікті ауылының көшесіне атау беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Есіл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Есіл ауылдық округі әкімінің «Шілікті ауылының көшесіне атау беру туралы» 2010 жылғы 1 маусымдағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-125 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 шілдеде «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2010 жылдың 5 наурыздағы Шілікті ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Есіл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының «Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Г. Карасаева
13.01.2017 ж.
Астрахан ауданының «Құрылыс,
сәулет және қалақұрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Кулаков
13.01.2017 ж.