О внесении дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 1 апреля 2010 года № 245/4 "О предоставлении дотации на воду, используемую для полива огородов отдельным категориям граждан, на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Азаматтардың жекеленген санаттарына бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын суға 2010 жылға демеуқаржы беру туралы" № 245/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 31-бап 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "2010 жылға азаматтардың жекеленген санаттарына бау-бақшаларын суару үшін қолданылатын суға демеуқаржы беру туралы" № 245/4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-262- мен тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырдағы № 21 "Отарқа" және 2010 жылғы 20 мамырдағы № 19 "Экибастузское обозрение" газеттерінде жарияланған) (бұдан әрі – Қаулы) келесі толықтырулар енгізілсін: Қаулының 1-тармағындағы "Екібастұз қаласында" сөздерінен кейін "еңбекке қабілетті жастағы бірге тіркелген тұлғалардан басқа" сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсiн.