О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 февраля 2010 года № 4 "Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета управляющими инвестиционным портфелем и организациями, осуществляющими брокерскую деятельность на рынке ценных бумаг" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, инвестициялық портфельді басқарушылар және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6090 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ұйым активтерді инвестициялық басқару туралы шартқа сәйкес қабылданған активтер сомасына инвестициялық басқаруға алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады: Дт 1800 01 Ақ­ша 1800 02 Та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар 1800 03 Ба­ға­лы қа­ға­з­дар 1800 04 Ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар 1800 05 Ка­пи­тал­ға ин­ве­сти­ци­я­лар 1800 06 Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер 1800 07 Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар 1800 08 Бас­қа да ак­тив­тер 1800 09 Алу­ға ар­нал­ған шот­тар 1800 10 Ди­ви­денд­тер 1800 11 Сый­а­қы 1800 12 Бас­қа да та­лап­тар Кт 1830 01 Кли­ент­тен ак­тив­тер­дің тү­суі.»; 5-тармақ алынып тасталсын; 36-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «36. Тиісті келісімдерде белгіленген комиссиялық сыйақылар ұйымның кірістері деп танылады. Бұл кірістер ұйымның жеке бухгалтерлік есебінде және жеке қаржылық есептілігінде тиісті баланстық шоттарда көрсетіледі. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:»; 37, 38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «37. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9735 тіркелген) бекітілген «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне жауап беретін ақшаны брокер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттен қабылдаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады: 1) баланстық шоттарда: Дт 1030 Ағым­да­ғы шот­тар­да­ғы ақ­ша қа­ра­жа­ты Кт 3390 81 Бро­кер­дің кли­ент ал­дын­да­ғы мін­дет­те­ме­ле­рі; 2) брокер активтерді клиенттің ақшасына сатып алған кезде: Дт 3390 81 Бро­кер­дің кли­ент ал­дын­да­ғы мін­дет­те­ме­ле­рі Кт 1030 Ағым­да­ғы шот­тар­да­ғы ақ­ша қа­ра­жа­ты. Клиенттен қабылданатын ақшаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысымен бекітілген «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне сәйкестігі туралы шешім брокердің ішкі құжаттарына сәйкес қабылданады. 38. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттен ақшаны алған кезде, сондай-ақ клиент үшін активтерді сатып алған кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады: Кі­ріс 8970 «Де­по» шот­та­ры. 39. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттен алынған ақша шегерімге жатқызған кезде, сондай-ақ клиент үшін активтерді сатқан кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады: Шы­ғыс 8970 «Де­по» шот­та­ры.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.