О внесении изменения в постановление акимата от 1 февраля 2010 года № 42 "Об организации бесплатного питания для воспитанников государственных дошкольных организаций образования" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 42 "Мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарының тәрбиеленушілері үшiн тегiн тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 1-бабы 7) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8-бабы 4-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарының тәрбиеленушілері үшiн тегiн тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 42 қаулысына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық кесімдердің тізілімінде № 9-4-160 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 наурыздағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1, 2-тармақтарында "мүгедектер және бала кезінен мүгедектер" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі" ММ бастығы _______________ Е. Бурдыка