О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1427 «Об утверждении Правил регистрации внутренних мигрантов и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларында: 17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Сайлау құқығын іске асыру және азаматты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайындағы ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.